Жазғы спорттық-сауықтыру жиыны

ШҚО жеңіл атлетика бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің (МБЖОРМ) 102 адамнан тұратын спортшылары мен жаттықтырушылары 12 күнге созылатын жыл сайынғы жазғы спорттық-сауықтыру жиынына аттанды. Жиындар Бұқтырма су қоймасындағы С. Ковалев атындағы лагерьде өтеді. Оқу-жаттығу жиынының мақсаты — жазғы уақытта дене дайындығы деңгейін арттыру және денсаулықты қалпына келтіру.
Құсманов, Гафнер және Кем – жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары

Құсманов, Гафнер және Кем – жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары ШҚО құрамасы сапында Эрика Кем ең сәтті өнер көрсетті. Бұл бойжеткеннің қолынан бәрі келеді десек артық айтқандық емес. Ол екі түрлі жүгіру пәні бойынша қола медаль иеленді: 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 15,6 секунд нәтижесімен және Савельева, Харламова, Нестеровамен бірге 4х400 метрлік эстафетада үшінші орын алды. Ал «алтынды» оған ядро лақтырудағы 10,94 метрлік көрсеткіші сыйлады. Үш марапатқа ие болған ол осы біріншілікте біздің спортшы қыздар арасында ең атақтысы атанды. Риддерлік эстафеташыларымыз Алина Савельева мен Арина Харламованың қоржынында екі марапаттан бар. Олар екі эстафетада екі қола жүлдеге ие болды. Біріншісі туралы жоғарыда айтылды, ал екінші марапатты 4х800 метрлік эстафета әкелді. Айта кетейік, бұл эстафета толығымен риддерлік құрамнан тұрды – Савельева мен Харламоваға Татьяна Дружина мен Мөлдір Сейітханова серік болды. Дружина, сонымен қатар, 1500 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алды. Риддерлік стайер бұл қашықтықты 4 минут 55 секундта жүріп өтті. Чемпиондық атақты 63,2 метрге лақтыру нәтижесімен Артур Гафнер сенімді түрде жеңіп алды. Артур өз секторында ұзақ уақыттан бері бәсекелес білмей келеді. Ал семейлік Иманмәди Құсмановтың 800 метр қашықтықтағы жеңісі онша айқын болған жоқ. Сондықтан да 1:53,17 нәтижесімен келген бұл жеңіс өте құнды. ШҚО құрамасына «күмісті» диск лақтырудан Николай Клименко сыйлады (44,09 м). Лақтыру пәндерінің тағы бір өкілі Мағжан Жақыпбеков найзаны 47,6 метрге ұшырып, үшінші орынды иеленді. Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Спорт ардагерлері Спартакиадасының нәтижелері

Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы спорт ардагерлері арасындағы Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасын қабылдады. Жарыстар 21-22 шілде аралығында екі күн бойы 60, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 4х100, 4х200, 4х400 метрлік эстафеталар, ұзындыққа секіру және ядро лақтыру пәндері бойынша өткізілді. Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы 349 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды 329 ұпаймен Павлодар облысы иеленсе, үшінші орын 253 ұпайы бар Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды. Место Область Очки 1 ВКО 349 2 ПВЛ 329 3 ЮКО 253 4 АТР 232 5 КРГ 228 6 КСТ 194 7 АЛО 189 8 АЛМ 159 9 АКТ 83 10 АКМ 55 11 СКО 44 12 ЗКО 8 ЕРЛЕР 60 м жүгіру Константин Юртаев (ОҚО) – 7.61 Роман Суховерхов (ПВЛ) – 8.01 Андрей Зиновьев (ШҚО) – 8.11 400 м жүгіру Андрей Чигидинов (ҚОСТ) – 58.70 Виктор Бондарь (ПВЛ) – 1:00.65 Андрей Зиновьев (ШҚО) – 1:02.07 1500 м жүгіру Юрий Егер (ШҚО) – 4:24.34 Андрей Чигидинов (ҚОСТ) – 4:28.44 Сергей Поликарпов (ҚОСТ) – 4:29.86 4х100 м эстафета В. Бондарь, Р. Суховерхов, К. Шақуов, М. Шайфулин (ПВЛ) – 52.52 К. Юртаев, А. Саатов, А. Бердібеков, О. Көбеев (ОҚО) – 55.02 Ш. Телеуов, М. Нұсанов, В. Котмаев, К. Қалиев (АҚТ) – 55.46 4х200 м эстафета А. Сафронов, Н. Тарасов, Ю. Егер, А. Киреев (ШҚО) – 1:50.90 В. Бондарь, Р. Суховерхов, В. Овцынов, М. Шайфулин (ПВЛ) – 1:51.13 Е. Рахметқалиұлы, А. Қарабалин, Г. Мұратов, Ж. Хауашев (АТР) – 1:56.87 4х400 м эстафета А. Сафронов, Н. Тарасов, Ю. Егер, А. Киреев (ШҚО) – 4:09.22 А. Саатов, Н. Сұлтанов, А. Бердібеков, О. Көбеев (ОҚО) – 4:19.16 И. Карачев, Г. Ерофеенко, А. Чигидинов, С. Поликарпов (ҚОСТ) – 4:22.17 Ұзындыққа секіру Константин Юртаев (ОҚО) – 5.84 Қуат Қалиев (АҚТ) – 5.62 Александр Сафронов (ШҚО) – 5.25 Ядро лақтыру Евгений Бучацкий (ШҚО) – 13.91 Роман Суховерхов (ПВЛ) – 11.66 Владимир Бучацкий (ШҚО) – 10.31 ӘЙЕЛДЕР 60 м жүгіру Олеся Беляева (ОҚО) – 8.73 Ирина Дубицкая (ШҚО) – 9.16 Светлана Ставская (ҚАР) – 9.45 400 м жүгіру Светлана Лукашева (АЛМ) – 1:10.84 Ирина Самсонова (ШҚО) – 1:13.08 Любовь Комкова (ҚАР) – 1:13.12 800 м жүгіру Светлана Лукашева (АЛМ) – 2:42.70 Любовь Комкова (ҚАР) – 2:47.30 Разиля Шүнгурбаева (ҚОСТ) – 3:00.40 4х100 м эстафета О. Беляева, Ж. Ізтаева, Н. Инкина, Н. Лопатинская (ОҚО) – 1:03.71 С. Сабельникова, М. Ескендірова, Н. Бардакова, С. Лаптева (ПВЛ) – 1:03.99 С. Ставская, А. Ольховая, Г. Жәкенова, Л. Комкова (ҚАР) – 1:05.28 4х200 м эстафета О. Беляева, Ж. Істаева, Н. Инкина, Н. Лопатинская (ОҚО) – 2:16.13 И. Самсонова, И. Дубицкая, Н. Худякова, Н. Сахариева (ШҚО) – 2:17.22 С. Ставская, А. Ольховая, Г. Жәкенова, Л. Комкова (ҚАР) – 2:20.30 4х400 м эстафета И. Самсонова, И. Дубицкая, Н. Мазалова, Н. Сахариева (ШҚО) – 5:16.52 К. Төлебаева, Р. Воеводина, Р. Шүнгурбаева, Е. Гичева (ҚОСТ) – 5:31.34 Ж. Сатыбалдиева, М. Шайхиева, М. Сәрсекеева, Ш. Исханова (АТР) – 5:50.02 Ұзындыққа секіру Олеся Беляева (ОҚО) – 5.33 Светлана Ставская (ҚАР) – 4.72 Ирина Дубицкая (ШҚО) – 4.33 Ядро лақтыру Иоланта Ульева (ҚАР) – 13.90 Наталья Инкина (ОҚО) – 10.74 Тамара Бучацкая (ШҚО) – 8.73
Эстафетадағы қола жүлде
«Азия балалары» IV халықаралық спорттық ойындары аясындағы жеңіл атлетика жарыстарының қорытынды күні қазақстандық спортшыларға 4х100 м және 4х400 м эстафеталарында ұлдар арасында да, қыздар арасында да қола жүлде сыйлады. Бозбалалар арасындағы 4х400 метрлік эстафетада қазақстандық спортшылар 03:33.56 нәтижесімен қола медаль иеленді. Біздің команда сапында Кирилл Григорян, Владимир Фещенко, Никита Чупоршнев және Николай Петров жүгірді. Бірінші орынды Таиланд өкілдері (03:31.60), екінші орынды Қытай командасы (03:32.09) иеленді. 4х100 эстафетасы: 1-орын – Таиланд (43.50), 2-орын – Шри-Ланка (45.00), 3-орын – Гонконг (Қытай) (45.08). Қыздар арасындағы 4х100 эстафетасында біздің бойжеткендер де ұлдардың жетістігін қайталап, 51.37 нәтижесімен үшінші орынға табан тіреді. Құрамда Виктория Бричевская, Александра Егорина, Анастасия Трифонова және Арина Мишеева болды. Алтынды Әзірбайжан командасы (49.33), күмісті Ресей өкілдері (50.02) алды. 4х400 метрлік эстафетада тұғырдың бірінші сатысына Ресей (03:53.24) көтерілді, екінші орында Таиланд өкілдері (04:02.39), үшінші орында Шри-Ланка спортшылары (04:02) қалды. Фото: gamesasia.ru
«Азия балалары» VI халықаралық спорттық ойындары 2016

Елизавета Матвеева «Азия балалары» VI халықаралық спорттық ойындарында биіктікке секіруден жеңіске жетті. Якутск қаласында (Ресей) «Азия балалары» VI халықаралық спорттық ойындары басталды. Ойындар 6-16 шілде аралығында өтеді. Жеңіл атлетикадан жарыстар 10 шілдеде басталып, 13 шілдеге дейін жалғасады. Жеңіл атлетикадан өткен жарыстың алғашқы күні біздің спортшымыз 165 см нәтижесімен биіктікке секіруден жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейлік Парфенконың еншісінде, ал қола жүлдені 160 см нәтижесімен Ли Тхи Хай Сай (Вьетнам) иеленді. «Азия балалары» VI халықаралық спорттық ойындарына 20-дан астам ел қатысуда. Қазақстан құрамасы Ойындарға осымен алтыншы рет қатысып отыр және қазіргі уақытта жалпы медальдық есепте II орында тұр. Фото: http://ysia.ru /
4-6 шілде аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

4-6 шілде аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Қосанов мемориалынан кейін тынығып үлгерместен, біздің жеңіл атлеттеріміз алдағы Қазақстан Чемпионатына дайындалуда. Бұл чемпионат Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарына әлі жолдама алып үлгермеген спортшылар үшін соңғы мүмкіндік болып табылады. Ал Олимпиада 5 тамызда басталады. Құрама сапына 6 бойжеткен енді: Рио Олимпиадасына жолдамасы бар Элина Михина, Орталық Азия елдерінің жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарысының жеңімпазы Варвара Назарова, Қосанов мемориалының үздік секірушісі атанған Регина Кайсарова, Мемориалдың күміс жүлдегері Надежда Дубовицкая, Татьяна Дружина және Мөлдір Сейітханова. Сондай-ақ командада 16 жігіт бар: Евгений Лабутов, Андрей Лейменов, Евгений Четтыкбаев, Семен Арыкин, Владислав Лешин, Максим Мжельский, Иманмәди Құсманов, Мағжан Жақыпбеков, Эдуард Васильев, Ербол Кәленов, Иван Соловьев, Владислав Сутягин, Алексей Владимиров, Артур Гафнер, Евгений Архипов және Константин Скрынник. Міне, осындай үлкен спорттық отбасы болып біздің атлеттеріміз Алматының басты стадионын бағындыруға аттанды. Алдағы Чемпионатта сәттілік пен жеңістер тілейміз. Инна Семеняк Фото — Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Биіктік патшайымы Регина Кайсарова

Алматыдағы Орталық стадионда Гусман Косановты еске алуға арналған XXVI халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың қорытынды күні ШҚО құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Регина Кайсарова биіктікке секіруде 1,8 м нәтижесімен жеңіске жетіп, ең үздік атанды. Бұл көрсеткіш аса жоғары болмаса да, жеңіс үшін жеткілікті болды. Бір қызығы, спортшы 1,85 м биіктікке тіпті шыққан да жоқ, қолда бар медальді місе тұтуды жөн көрді. Айта кетейік, биіктікке секіруде тұғырдың барлық сатысын қазақстандық атлеттер иеленді. Күміс медальді осы сектордағы ең жас қатысушы болған семейлік жұлдыз Надежда Дубовицкая еншілесе, үздік үштікті Александра Гулюкина түйіндеді. Гусман Косановты еске алуға арналған XXVI халықаралық турнир Биіктікке секіру. Әйелдер (7 қатысушы): Регина КАЙСАРОВА (Қазақстан, ШҚО) — 1,80 Надежда ДУБОВИЦКАЯ (Қазақстан, ШҚО) — 1,75 Александра Гулюкина (Қазақстан) — 1,70 1500 м жүгіру. Ерлер (16 қатысушы): Алексей Гусаров (Қазақстан) — 3:55,10 Роман Штукан (Өзбекстан) — 3:57,03 Назири Пейман (Иран) — 3:58,53 Үш қарғып секіру. Ерлер (9 қатысушы): Роман Валиев (Қазақстан) — 16,80 Евгений ЧЕТТЫКБАЕВ (Қазақстан, ШҚО) — 16,30 Хакими Мухаммад (Малайзия) — 16,20 800 м жүгіру. Ерлер (25 қатысушы): Мостафа Эбраими (Иран) — 1:49,01 Индунил Гедара (Шри-Ланка) — 1:49,83 Крушид Ахмадиев (Өзбекстан) — 1:51,99 Сергей Тулапин (Қазақстан) — 1:52,46 …14. Иманмәди ҚҰСМАНОВ (Қазақстан, ШҚО) — 1:55,27 …17. Максим МЖЕЛЬСКИЙ (Қазақстан, ШҚО) — 1:56,08 …20. Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) — 1:57,35 200 м жүгіру. Ерлер (38 қатысушы): Салем Ягооб (Бруней) — 20,43 (жарыс рекорды) Али Хадивар (Иран) — 20,87 Виной Мутхумуни (Шри-Ланка) — 20,93 …6. Владислав Григорьев (Қазақстан) — 21,00 …7. Владислав ЛЁШИН (Қазақстан, ШҚО) — 21,49 400 м жүгіру. Әйелдер: Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) — 52,09 Анастасия Кудинова (Қазақстан) — 52,31 Александра Романова (Қазақстан) — 54,45 Қалған хаттамалар кейінірек жарияланады.
Элина Михина Олимпиада ойындарына барады!

Алматыда жеңіл атлетикадан «Қосанов мемориалы» халықаралық турнирі басталды. Оған Азияның 20-дан астам елінен өкілдер қатысуда. Мемориалдың мұндай танымалдылығы бұл турнирдің Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының нормативтерін орындауға мүмкіндік беретін Азиядағы соңғы біріншілік болуымен байланысты. Бразилияға аттанғалы тұрған пойыздың соңғы вагонына риддерлік желаяқ Элина Михина да секіріп үлгерді. Жерлесіміз үшін 400 метрлік қашықтық басты бағыт болып табылады. Дәл осы қашықтықта Элина биылғы жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші орын алған болатын. Ал деңгейі жағынан құрлықтық біріншілікпен тең келетін Қосанов мемориалында ол бәрінен озып шықты! Дегенмен, Олимпиада ойындарына жолдама беретін нәрсе жеңіс емес, жарыс кезінде көрсетілген уақыт еді. Элина финалда 52,09 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Бұл Олимпиада нормативінен айтарлықтай жылдам. Михина ШҚО жеңіл атлетикасының Риоға жолдама алған үшінші өкілі атанды. Бұған дейін нормативтерді Ольга Рыпакова мен марафоншы Ирина Смольникова орындаған болатын. Соңғысы, Михина сияқты, риддерлік жеңіл атлетика мектебінің тәрбиеленушісі. Риддер жеңіл атлетикасының Олимпиадаға екі жолдама алуы таңғалдырарлық жағдай. Бұл кеншілер қаласында жаттығуға ешқандай жағдай жасалмағанына қарамастан орын алып отыр. Қыс мезгілінде жеңіл атлеттер мектеп дәліздерінде жүгіріп жаттығады. Мемориалда тағы бір медальді өскемендік Евгений Четтыкбаев жеңіп алды. Ол үш қарғып секіруде екінші орын иеленді. Оның 16,3 м нәтижесі Роман Валиевтің 16,8 м секіруінен кейінгі екінші көрсеткіш болды. Мұндай нәтижемен Валиевтің өз мансабындағы төртінші Олимпиадаға баруға толық мүмкіндігі бар сияқты! Бұл пән бойынша үшінші орынды 16,01 м нәтижесімен Малайзия өкілі иеленді. Алексей Губанов Фото – athleticsasia.org Дереккөз: vksport.kz
Өскеменде марафон және спорттық жүруден чемпионат өтті

Қазақстан чемпионаты 11 маусымда ШҚО-ның әкімшілік орталығында өтті. Жарыс күні бойы үздік спорттық жүру шеберлері мен ұзақ қашықтыққа жүгірушілер Ертіс өзенінің Славский атындағы жағалауындағы асфальт жолда бақ сынасты. Жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленген ШҚО құрамасының қоржынында екі алтын марапат бар. Жартылай марафонда Мөлдір Сейітханова ерекше көзге түсті. Негізі, бұл пән бойынша жоғарғы жас тобындағы юниорлар арасындағы «алтын» қалай болғанда да біздің командаға бұйыратын еді, өйткені жеңіс үшін нағыз бәсеке риддерлік екі спортшы: Сейітханова мен Татьяна Дружина арасында ғана өтті. Нәтижесінде жеңімпаз бен вице-чемпионды небәрі 51 секунд қана бөлді! 44 жастағы Юрий Егердің көрсеткіші бәрін таңғалдырды. Өскемендік желаяқ өзіне ұл боларлық жастағы спортшылармен бәсекеге түсіп, марафон қашықтығында бірінші келуге қол жеткізді! Ерлер арасындағы марафонның жеңіс тұғырын толықтай ШҚО өкілдері иеленгені ерекше қуантады: екінші және үшінші орындарды өскемендік Әмір Байтуқанов пен риддерлік Эдуард Васильев еншіледі. Болашақ Олимпиада қатысушысы, риддерлік Ирина Смольникова да жартылай марафонда өз бағын сынап көрді. Жеңіл атлетика жұлдызы 1:22:53 нәтижесімен мәреге жетті — бұл юниор қыздар арасындағы жеңімпаздардың уақытынан 8 минутқа жылдам. НӘТИЖЕЛЕР: ЮНИОРЛАР Жартылай марафон 21 км, 197,5 м. Бозбалалар (6 қатысушы): Тошали Аликулов (ОҚО) — 1:24,53 Максим ЗУЗИН (ШҚО) — 1:26,08 Владимир Бондаренко (ОҚО) — 1:29,37 …Александр ЛУКЬЯНОВ (ШҚО) — жарыстан шығып қалды Қыздар (4 қатысушы): Мөлдір СЕЙТХАНОВА (ШҚО) — 1:30,05 Татьяна ДРУЖИНА (ШҚО) — 1:30,56 Мадина Керимова (Алматы обл.) — 1:45,51 …Регина МИТРОФАНОВА (ШҚО) — жарыстан шығып қалды Спорттық жүру, 20 км. Бозбалалар: 1. Денис Курский (ОҚО) — 1:50,29 ЕРЕСЕКТЕР Марафон, 42,195 км. Ерлер (4 қатысушы): Юрий ЕГЕР (ШҚО) — 2:41,3 Әмір БАЙТУҚАНОВ (ШҚО) — 2:48,56 Эдуард ВАСИЛЬЕВ (ШҚО) — 3:04,39 Әйелдер (2 қатысушы): Ольга Богомольская (Павлодар обл.) — 3:00,00 Балнұра Асылбек (ОҚО) — 3:31,06 КІШІ ЖАСӨСПІРІМДЕР Спорттық жүру, 5 км. Бозбалалар: 1. Оралбек Молдарасыл (ОҚО) — 29:25,21 Спорттық жүру, 3 км. Қыздар: 1. Кристина Морозова (СҚО) — 15:44,00 … 4. Анастасия ЧЕШУИНА (ШҚО) — 16:54,81 ЖОҒАРҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР Спорттық жүру, 10 км. Бозбалалар: 1. Мәди Айдар (Алматы обл.) — 52:05,7 Спорттық жүру, 5 км. Қыздар: 1. Нәзік Нәзір (ОҚО) — 27:47,28 … 3. Виктория ДРОЖЖИНА (ШҚО) — 32:16,00 4. Ольга ЛОБОДА (ШҚО) – 34:01,00 Алексей Губанов
Ольга Рыпакова Бирмингемдегі “Гауһар лигасының” кезеңінде жеңіске жетті

Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Бірмингемде (Ұлыбритания) өткен «Гауһар лигасының» (Diamond League) алтыншы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Рыпакова соңғы мүмкіндігінде жарыстың басты фавориті, колумбиялық Катрин Ибаргуэннен жеңісті жұлып алды. Қазақстандық спортшы 14,61 метрге секірді, ал 14,56 метр нәтижесін көрсеткен колумбиялық оны жақсарта алмады. Үшінші орынды үздік талпынысында 14,40 метрге секірген украиналық Ольга Саладуха иеленді. Айта кетейік, Рыпакова үшін бұл нәтиже маусымдағы ең үздік көрсеткішінің қайталануы болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы соңғы төрт жылда Ибаргуэнді жеңген алғашқы жеңіл атлет атанды. Еске сала кетейік, Римде өткен «Гауһар лигасының» бесінші кезеңінде Рыпакова тек Ибаргуэнге есе жіберіп, екінші орын алған болатын. Источник :http://vesti.kz/athletics/221337/
