Новости

Өскеменде марафон және спорттық жүруден чемпионат өтті

Қазақстан чемпионаты 11 маусымда ШҚО-ның әкімшілік орталығында өтті. Жарыс күні бойы үздік спорттық жүру шеберлері мен ұзақ қашықтыққа жүгірушілер Ертіс өзенінің Славский атындағы жағалауындағы асфальт жолда бақ сынасты.

Жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленген ШҚО құрамасының қоржынында екі алтын марапат бар. Жартылай марафонда Мөлдір Сейітханова ерекше көзге түсті. Негізі, бұл пән бойынша жоғарғы жас тобындағы юниорлар арасындағы «алтын» қалай болғанда да біздің командаға бұйыратын еді, өйткені жеңіс үшін нағыз бәсеке риддерлік екі спортшы: Сейітханова мен Татьяна Дружина арасында ғана өтті. Нәтижесінде жеңімпаз бен вице-чемпионды небәрі 51 секунд қана бөлді!

44 жастағы Юрий Егердің көрсеткіші бәрін таңғалдырды. Өскемендік желаяқ өзіне ұл боларлық жастағы спортшылармен бәсекеге түсіп, марафон қашықтығында бірінші келуге қол жеткізді! Ерлер арасындағы марафонның жеңіс тұғырын толықтай ШҚО өкілдері иеленгені ерекше қуантады: екінші және үшінші орындарды өскемендік Әмір Байтуқанов пен риддерлік Эдуард Васильев еншіледі.

Болашақ Олимпиада қатысушысы, риддерлік Ирина Смольникова да жартылай марафонда өз бағын сынап көрді. Жеңіл атлетика жұлдызы 1:22:53 нәтижесімен мәреге жетті — бұл юниор қыздар арасындағы жеңімпаздардың уақытынан 8 минутқа жылдам.

НӘТИЖЕЛЕР:

ЮНИОРЛАР Жартылай марафон 21 км, 197,5 м. Бозбалалар (6 қатысушы):

  1. Тошали Аликулов (ОҚО) — 1:24,53

  2. Максим ЗУЗИН (ШҚО) — 1:26,08

  3. Владимир Бондаренко (ОҚО) — 1:29,37 …Александр ЛУКЬЯНОВ (ШҚО) — жарыстан шығып қалды

Қыздар (4 қатысушы):

  1. Мөлдір СЕЙТХАНОВА (ШҚО) — 1:30,05

  2. Татьяна ДРУЖИНА (ШҚО) — 1:30,56

  3. Мадина Керимова (Алматы обл.) — 1:45,51 …Регина МИТРОФАНОВА (ШҚО) — жарыстан шығып қалды

Спорттық жүру, 20 км. Бозбалалар: 1. Денис Курский (ОҚО) — 1:50,29

ЕРЕСЕКТЕР Марафон, 42,195 км. Ерлер (4 қатысушы):

  1. Юрий ЕГЕР (ШҚО) — 2:41,3

  2. Әмір БАЙТУҚАНОВ (ШҚО) — 2:48,56

  3. Эдуард ВАСИЛЬЕВ (ШҚО) — 3:04,39

Әйелдер (2 қатысушы):

  1. Ольга Богомольская (Павлодар обл.) — 3:00,00

  2. Балнұра Асылбек (ОҚО) — 3:31,06

КІШІ ЖАСӨСПІРІМДЕР Спорттық жүру, 5 км. Бозбалалар: 1. Оралбек Молдарасыл (ОҚО) — 29:25,21 Спорттық жүру, 3 км. Қыздар: 1. Кристина Морозова (СҚО) — 15:44,00 … 4. Анастасия ЧЕШУИНА (ШҚО) — 16:54,81

ЖОҒАРҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР Спорттық жүру, 10 км. Бозбалалар: 1. Мәди Айдар (Алматы обл.) — 52:05,7 Спорттық жүру, 5 км. Қыздар: 1. Нәзік Нәзір (ОҚО) — 27:47,28 … 3. Виктория ДРОЖЖИНА (ШҚО) — 32:16,00

4. Ольга ЛОБОДА (ШҚО) – 34:01,00

Алексей Губанов

Фотосуреттер