4-6 шілде аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.
Қосанов мемориалынан кейін тынығып үлгерместен, біздің жеңіл атлеттеріміз алдағы Қазақстан Чемпионатына дайындалуда. Бұл чемпионат Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарына әлі жолдама алып үлгермеген спортшылар үшін соңғы мүмкіндік болып табылады. Ал Олимпиада 5 тамызда басталады.
Құрама сапына 6 бойжеткен енді: Рио Олимпиадасына жолдамасы бар Элина Михина, Орталық Азия елдерінің жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарысының жеңімпазы Варвара Назарова, Қосанов мемориалының үздік секірушісі атанған Регина Кайсарова, Мемориалдың күміс жүлдегері Надежда Дубовицкая, Татьяна Дружина және Мөлдір Сейітханова.
Сондай-ақ командада 16 жігіт бар: Евгений Лабутов, Андрей Лейменов, Евгений Четтыкбаев, Семен Арыкин, Владислав Лешин, Максим Мжельский, Иманмәди Құсманов, Мағжан Жақыпбеков, Эдуард Васильев, Ербол Кәленов, Иван Соловьев, Владислав Сутягин, Алексей Владимиров, Артур Гафнер, Евгений Архипов және Константин Скрынник. Міне, осындай үлкен спорттық отбасы болып біздің атлеттеріміз Алматының басты стадионын бағындыруға аттанды. Алдағы Чемпионатта сәттілік пен жеңістер тілейміз.
Инна Семеняк Фото — Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
