Құсманов, Гафнер және Кем – жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары
ШҚО құрамасы сапында Эрика Кем ең сәтті өнер көрсетті. Бұл бойжеткеннің қолынан бәрі келеді десек артық айтқандық емес. Ол екі түрлі жүгіру пәні бойынша қола медаль иеленді: 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 15,6 секунд нәтижесімен және Савельева, Харламова, Нестеровамен бірге 4х400 метрлік эстафетада үшінші орын алды. Ал «алтынды» оған ядро лақтырудағы 10,94 метрлік көрсеткіші сыйлады. Үш марапатқа ие болған ол осы біріншілікте біздің спортшы қыздар арасында ең атақтысы атанды.
Риддерлік эстафеташыларымыз Алина Савельева мен Арина Харламованың қоржынында екі марапаттан бар. Олар екі эстафетада екі қола жүлдеге ие болды. Біріншісі туралы жоғарыда айтылды, ал екінші марапатты 4х800 метрлік эстафета әкелді. Айта кетейік, бұл эстафета толығымен риддерлік құрамнан тұрды – Савельева мен Харламоваға Татьяна Дружина мен Мөлдір Сейітханова серік болды. Дружина, сонымен қатар, 1500 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алды. Риддерлік стайер бұл қашықтықты 4 минут 55 секундта жүріп өтті.
Чемпиондық атақты 63,2 метрге лақтыру нәтижесімен Артур Гафнер сенімді түрде жеңіп алды. Артур өз секторында ұзақ уақыттан бері бәсекелес білмей келеді. Ал семейлік Иманмәди Құсмановтың 800 метр қашықтықтағы жеңісі онша айқын болған жоқ. Сондықтан да 1:53,17 нәтижесімен келген бұл жеңіс өте құнды.
ШҚО құрамасына «күмісті» диск лақтырудан Николай Клименко сыйлады (44,09 м). Лақтыру пәндерінің тағы бір өкілі Мағжан Жақыпбеков найзаны 47,6 метрге ұшырып, үшінші орынды иеленді.
Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz

