14-16 маусым аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтуде. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша біздің Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 2-орынды иеленіп отыр. Бірінші күні-ақ біздің қыздар ұзындыққа секіруден, ядро итеруден және сырғауылмен секіруден 3 алтын медаль алды. Жарыстың екінші күні ШҚО құрамасының қоржынына тағы 5 алтын медаль қосылды.







Бірінші күн
Әйелдер:
Сырғауылмен секіру — Лапина Ольга — 4.00 м. 1-орын
Ұзындыққа секіру — Рыпакова Ольга — 6.19 м. 1-орын
Ядро итеру — Хижнякова Ольга — 12.68 м. 1-орын
10000 м жүгіру — Смольникова Ирина — 35:12.70 — 2-орын
400 м жүгіру — Михина Элина — 54.40 — 3-орын
1500 м жүгіру — Мелькова Надежда — 4:40.06 — 4-орын
Ерлер:
1500 м жүгіру — Мжельский Максим — 4:06.38 — 2-орын
Балға лақтыру — Торлопов Владимир — 55.07 — 2-орын
Эстафета 4х100 м — Романов Дмитрий, Арыкин Семен, Лиценбергер Виталий, Лешин Владислав — 42.60 — 4-орын
Екінші күн:
Әйелдер:
100 м к/ж (кедергілермен) — Сопрунова Анастасия — 13.51 — 1-орын
Үш қарғып секіру — Рыпакова Ольга — 14.10 — 1-орын
Биіктікке секіру — Сарсекова Регина — 1.80 — 2-орын
800 м жүгіру — Мелькова Надежда — 2:12.79 — 3-орын
Ерлер:
200 м жүгіру — Лешин Владислав — 21.74 — 1-орын
Биіктікке секіру — Цыкунов Виталий — 220 — 1-орын
Диск лақтыру — Лабутов Евгений — 53.02 — 1-орын
800 м жүгіру — Мжельский Максим — 1:53.54 — 2-орын
Үш қарғып секіру — Четтыкбаев Евгений — 16.28 — 2-орын
1500 м жүгіру — Мжельский Максим — 4:06.38 — 3-орын
