Спартакиаданың бірінші және екінші жарыс күндерінің қорытындысы

14-16 маусым аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтуде. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша біздің Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 2-орынды иеленіп отыр. Бірінші күні-ақ біздің қыздар ұзындыққа секіруден, ядро итеруден және сырғауылмен секіруден 3 алтын медаль алды. Жарыстың екінші күні ШҚО құрамасының қоржынына тағы 5 алтын медаль қосылды. Бірінші күн Әйелдер: Сырғауылмен секіру — Лапина Ольга — 4.00 м. 1-орын Ұзындыққа секіру — Рыпакова Ольга — 6.19 м. 1-орын Ядро итеру — Хижнякова Ольга — 12.68 м. 1-орын 10000 м жүгіру — Смольникова Ирина — 35:12.70 — 2-орын 400 м жүгіру — Михина Элина — 54.40 — 3-орын 1500 м жүгіру — Мелькова Надежда — 4:40.06 — 4-орын Ерлер: 1500 м жүгіру — Мжельский Максим — 4:06.38 — 2-орын Балға лақтыру — Торлопов Владимир — 55.07 — 2-орын Эстафета 4х100 м — Романов Дмитрий, Арыкин Семен, Лиценбергер Виталий, Лешин Владислав — 42.60 — 4-орын Екінші күн: Әйелдер: 100 м к/ж (кедергілермен) — Сопрунова Анастасия — 13.51 — 1-орын Үш қарғып секіру — Рыпакова Ольга — 14.10 — 1-орын Биіктікке секіру — Сарсекова Регина — 1.80 — 2-орын 800 м жүгіру — Мелькова Надежда — 2:12.79 — 3-орын Ерлер: 200 м жүгіру — Лешин Владислав — 21.74 — 1-орын Биіктікке секіру — Цыкунов Виталий — 220 — 1-орын Диск лақтыру — Лабутов Евгений — 53.02 — 1-орын 800 м жүгіру — Мжельский Максим — 1:53.54 — 2-орын Үш қарғып секіру — Четтыкбаев Евгений — 16.28 — 2-орын 1500 м жүгіру — Мжельский Максим — 4:06.38 — 3-орын
XIX Халықтық спорт ойындары аяқталды

Өскемен қаласы мен Тарбағатай ауданы өз титулдарын қорғап қалды. Айтпақшы, бұл командаларды нық сеніммен «династиялар» деп атауға болады, өйткені олар көптеген жылдар бойы ешкімге біріншілік тізгінін бермей келеді! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстады. Ол барлық қатысушы командаларға Өскеменге келгені үшін және соңғы төрт күн ішінде адал да ымырасыз күрес көрсеткені үшін алғыс айтты. Қалалық есепте жүлдегерлер үштігін үшіншіден бірінші орынға дейін тиісінше Зыряновск, Семей және Өскемен қалалары құрады. Ауылдық жерлер бойынша Бородулиха ауданы (3-орын), Ұлан ауданы (2-орын) және Тарбағатай ауданы ең мықтылар деп танылды. Болашақта біздің портал келушілерді Халықтық спорт ойындарының бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша нәтижелермен таныстыруға тырысады. Дереккөз: vksport.kz
