
Рыпакова оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жаттығуларын 1 сәуірде өзінің әкесі әрі бапкері Сергей Алексеевтің жетекшілігімен өткізді.
— Жиын барысында жұмыс секірудің техникалық элементтерін пысықтауға бағытталады, — деді біздің тілшімізге Ольганың жолдасы әрі бапкері, қазіргі уақытта Өскеменде жүрген Денис Рыпаков. — Ольга маусымдағы алғашқы жарысын 17 мамырда Шанхайда «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі аясында өткізеді. Ол жерде үлкен нәтиже күтудің қажеті жоқ, бірақ бұл дода алдағы жарыстарға дайындықты қалай құру керектігі туралы ақпарат береді.
Бұл жарыстан бөлек, Ольга шілде айының басында Алматыда өтетін Қазақстан Спартакиадасына және, әрине, үстіміздегі жылдың тамыз айында Қытайда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
