Рыпакова оқу-жаттығу жиынына аттанды

Рыпакова оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жаттығуларын 1 сәуірде өзінің әкесі әрі бапкері Сергей Алексеевтің жетекшілігімен өткізді. — Жиын барысында жұмыс секірудің техникалық элементтерін пысықтауға бағытталады, — деді біздің тілшімізге Ольганың жолдасы әрі бапкері, қазіргі уақытта Өскеменде жүрген Денис Рыпаков. — Ольга маусымдағы алғашқы жарысын 17 мамырда Шанхайда «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі аясында өткізеді. Ол жерде үлкен нәтиже күтудің қажеті жоқ, бірақ бұл дода алдағы жарыстарға дайындықты қалай құру керектігі туралы ақпарат береді. Бұл жарыстан бөлек, Ольга шілде айының басында Алматыда өтетін Қазақстан Спартакиадасына және, әрине, үстіміздегі жылдың тамыз айында Қытайда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
«Дене шынықтыру — саулық кепілі» тақырыбындағы «Сіздің денсаулығыңыз» ардагерлер клубының сабағы

2015 жылғы 15 сәуірде сағат 14.00-де Қазақстан көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Достық үйінде ШҚ Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен ардагерлердің «Сіздің денсаулығыңыз» клубында «Дене шынықтыру — саулық кепілі» тақырыбында сабақ өтті. Бұл шараға жеңіл атлетикадан СДЮШОР директорының орынбасары Мархат Ченваев пен спорт ғимаратының меңгерушісі Сәуле Сейткешқызы Серікбаева қатысты. Олар Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінің тыныс-тіршілігі мен қызықты оқиғалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Сіздің денсаулығыңыз» клубының ардагерлерін дене шынықтыру және спорт арқылы денсаулықтарын нығайтуды жалғастыруға және өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.
