Аскар Омирзактың жекелеген түрлер бойынша нәтижелері (онсайыс)

Жарыстың екінші күні ШҚО құрамасы бірнеше дисциплинада жүлделі нәтижелер көрсетті. Аскар Омирзак онсайыста жеңімпаз атанып — 6451 ұпай жинап, Азия чемпионатына норматив орындады. Әйелдер арасында диск лақтыруда қола жүлдені команда қоржынына Арина Мозыляко 37,30 м нәтижемен салды. Сондай-ақ, үш қарғып секіруде Ассан Азаматулы 14,22 м нәтиже көрсетті. Нәтижелер Диск лақтыру (әйелдер): 3 орын — Арина Мозыляко — 37,30 м Үш қарғып секіру (ерлер): 3 орын — Ассан Азаматулы — 14,22 м Онсайыс (ерлер): 1 орын — Аскар Омирзак — 6451 ұпай Аскар Омирзактың жекелеген түрлер бойынша нәтижелері (онсайыс) 100 м — 11.54 (744 ұпай) Ұзындыққа секіру — 5.99 м (584 ұпай) Ядро лақтыру — 11.00 м (546 ұпай) Биіктікке секіру — 1.73 м (569 ұпай) 400 м — 50.37 (798 ұпай) 110 м кедергілер арқылы — 15.22 (823 ұпай) Диск лақтыру — 37.07 м (605 ұпай) Сырықпен секіру — 4.00 м (617 ұпай) Найза лақтыру — 47.01 м (544 ұпай) 1500 м — 4:49.53 (621 ұпай) Қорытынды: 6451 ұпай
