Жарыстың екінші күні ШҚО құрамасы бірнеше дисциплинада жүлделі нәтижелер көрсетті. Аскар Омирзак онсайыста жеңімпаз атанып — 6451 ұпай жинап, Азия чемпионатына норматив орындады.
Әйелдер арасында диск лақтыруда қола жүлдені команда қоржынына Арина Мозыляко 37,30 м нәтижемен салды.
Сондай-ақ, үш қарғып секіруде Ассан Азаматулы 14,22 м нәтиже көрсетті.
Нәтижелер
Диск лақтыру (әйелдер):
3 орын — Арина Мозыляко — 37,30 м
Үш қарғып секіру (ерлер):
3 орын — Ассан Азаматулы — 14,22 м
Онсайыс (ерлер):
1 орын — Аскар Омирзак — 6451 ұпай
Аскар Омирзактың жекелеген түрлер бойынша нәтижелері (онсайыс)
100 м — 11.54 (744 ұпай)
Ұзындыққа секіру — 5.99 м (584 ұпай)
Ядро лақтыру — 11.00 м (546 ұпай)
Биіктікке секіру — 1.73 м (569 ұпай)
400 м — 50.37 (798 ұпай)
110 м кедергілер арқылы — 15.22 (823 ұпай)
Диск лақтыру — 37.07 м (605 ұпай)
Сырықпен секіру — 4.00 м (617 ұпай)
Найза лақтыру — 47.01 м (544 ұпай)
1500 м — 4:49.53 (621 ұпай)
Қорытынды: 6451 ұпай
