
Өскемен қаласы мен Тарбағатай ауданы өз титулдарын қорғап қалды. Айтпақшы, бұл командаларды нық сеніммен «династиялар» деп атауға болады, өйткені олар көптеген жылдар бойы ешкімге біріншілік тізгінін бермей келеді!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстады. Ол барлық қатысушы командаларға Өскеменге келгені үшін және соңғы төрт күн ішінде адал да ымырасыз күрес көрсеткені үшін алғыс айтты.
Қалалық есепте жүлдегерлер үштігін үшіншіден бірінші орынға дейін тиісінше Зыряновск, Семей және Өскемен қалалары құрады. Ауылдық жерлер бойынша Бородулиха ауданы (3-орын), Ұлан ауданы (2-орын) және Тарбағатай ауданы ең мықтылар деп танылды.
Болашақта біздің портал келушілерді Халықтық спорт ойындарының бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша нәтижелермен таныстыруға тырысады.
Дереккөз: vksport.kz
