2015 жылғы 15 сәуірде сағат 14.00-де Қазақстан көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Достық үйінде ШҚ Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен ардагерлердің «Сіздің денсаулығыңыз» клубында «Дене шынықтыру — саулық кепілі» тақырыбында сабақ өтті.
Бұл шараға жеңіл атлетикадан СДЮШОР директорының орынбасары Мархат Ченваев пен спорт ғимаратының меңгерушісі Сәуле Сейткешқызы Серікбаева қатысты. Олар Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінің тыныс-тіршілігі мен қызықты оқиғалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Сіздің денсаулығыңыз» клубының ардагерлерін дене шынықтыру және спорт арқылы денсаулықтарын нығайтуды жалғастыруға және өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.




