<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші күнінің нәтижелері

Астанада еліміздің басты жеңіл атлетика додасы – жеңіл атлетикадан XXXV Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 22–24 шілде аралығында өтіп, оған еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар қатысуда.

Шығыс Қазақстан облысының намысын чемпионатта 21 спорт түрі бойынша 35 спортшы қорғауда. Жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлеттері төмендегідей нәтижелер көрсетті:

Ерлер

400 м

1-орын – Эльнор Мұхитдинов – 47,66

2-орын – Ефим Тарасов – 48,11

1500 м

1-орын – Игорь Хрунин – 4:00,75

10 000 м жүгіру

2-орын – Шадрак Кимутаи Коеч – 30:48,08

4×100 м эстафета

2-орын – Шығыс Қазақстан облысының құрамасы – 42,54

Найза лақтыру

1-орын – Алексей Хлыстов – 70,47 м

2-орын – Артур Гафнер – 70,40 м

Ядро итеру

1-орын – Иван Иванов – 18,57 м

Әйелдер

10 000 м жүгіру

1-орын – Дейзи Джепкемей – 33:52,33

3-орын – Каролина Чепкоеч Кипкируи – 36:41,73

4×100 м эстафета

3-орын – Шығыс Қазақстан облысының құрамасы – 49,40

Биіктікке секіру

2-орын – Елизавета Матвеева – 1,80 м

3-орын – Надежда Дубовицкая – 1,75 м

Ұзындыққа секіру

1-орын – Анастасия Рыпакова – 6,11 м

Найза лақтыру

1-орын – Варвара Назарова – 45,75 м

Қазақстан Республикасының чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады. Алда тағы екі жарыс күні бар, онда Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жүлделер үшін күресті жалғастырады.

Фото: qazathletics.kz

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache