Шымкент қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер (U18) арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 24–26 маусым аралығында өтуде.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Дарья Поточеская 400 метрге жүгіруде (57,84 сек), Роман Верченко ядро лақтыруда (15,23 м), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының қыздар құрамасы 4×100 метрлік эстафетада (49,78 сек) чемпион атанды.
100 метрге жүгіруде Дарья Ситникова (12,67 сек) мен Даниил Мироненко (11,10 сек) күміс жүлдеге ие болды.
Қола жүлдегерлер қатарында Амина Жайнакова (100 м), Тимур Жанасов (400 м), Платон Круглов (сырықпен секіру), Зухра Каримова (биіктікке секіру) және 4×100 метрлік эстафетадағы Шығыс Қазақстан облысының ұлдар құрамасы бар.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы үш алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды.
Ұлдар
100 м
2-орын — Даниил Мироненко (20.03.2009) — 11,10 сек.
400 м
3-орын — Тимур Жанасов (06.03.2009) — 51,91 сек.
4×100 м эстафета
3-орын — ШҚО құрамасы — 44,04 сек.
Қыздар
100 м
2-орын — Дарья Ситникова (02.10.2011) — 12,67 сек.
3-орын — Амина Жайнакова (03.11.2010) — 12,68 сек.
400 м
1-орын — Дарья Поточеская (22.10.2010) — 57,84 сек.
4×100 м эстафета
1-орын — ШҚО құрамасы — 49,78 сек.
Ұлдар
Сырықпен секіру
3-орын — Платон Круглов (31.08.2009) — 3,70 м.
Ядро итеру
1-орын — Роман Верченко (30.07.2009) — 15,23 м.
Қыздар
Биіктікке секіру
3-орын — Зухра Каримова (17.01.2012) — 1,60 м.
