«ШҚО МБЖОРМ жеңіл атлетика бойынша» КММ-де Kids Athletics халықаралық бағдарламасы бойынша семинар өтті
Семинарды жеңіл атлетикадан халықаралық санаттағы төреші, World Athletics ұйымының сертификатталған лекторы, бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы Александр Кругликов және жеңіл атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы Рамиз Картаев өткізді. Бағдарлама аясында қатысушылар оқытудың заманауи тәсілдерімен, балалардың жылдамдық, үйлесімділік және төзімділік қасиеттерін дамытуға бағытталған практикалық жаттығулармен және ойын форматтарымен танысты.
Kids Athletics – спорттағы бұқаралық дамудың ең ірі бағдарламаларының бірі. Ол 2002 жылы құрылған және 2021 жылы жан-жақты жаңартылып, цифрлық форматта қолжетімді болды. Нәтижесінде бағдарлама балалар мен жастарға, сондай-ақ спорт саласының мамандарына арналған анағұрлым инклюзивті, икемді және қызықты бола түсті.
Осындай іс-шараларды өткізу педагогтардың біліктілігін арттыруға және өскелең ұрпақ арасында жеңіл атлетиканы насихаттауға ықпал етеді.






