<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Қазақстандық 400 метрге жүгірушілер Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық 400 метрге жүгірушілер Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық 400 метрге жүгірушілер Рио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2016 жылғы Ойындарда әйелдер арасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңдері өтті. Бұл спорт түрінде Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Жетінші кезеңде Элина Михина мәреге 53,83 секундта жетіп, соңғының алдындағы алтыншы орынды иеленді. Сегізінші кезеңде Анастасия Кудинова 56,03 секунд нәтижесімен мәре сызығын ең соңғы болып кесті. Бұған дейін 100 метр қашықтықта Қазақстан атынан сынға түскен үш спортшы жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Дереккөз: vesti.kz

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache