<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы

2016 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйледі. Конференция делегаттары федерацияның өткен Олимпиадалық циклдегі қызметі туралы есепті тыңдады. Федерацияның басшылық құрамының сайлауы өтті.

Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сол уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков сайланды.

Басқа да тағайындаулар:

Бірінші вице-президент: Эльдар Рашитұлы Табанов;

Вице-президент: Алексей Михайлович Кондрат;

Бас хатшы: Лашын Ерқараұлы Аймағамбетов.

Конференция делегаттары Федерация жарғысына енгізілген өзгерістерді мақұлдап, Федерацияның жаңа Атқарушы комитетін сайлады.

Дереккөз: www.kazathletics.kz

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache