Қазақстан чемпионатының жеңіл атлетикадан екінші күн қорытындысы
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында U16, сондай-ақ жастар арасындағы U23 Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионаттары жалғасуда. Жарыстың екінші күнінде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары тағы да тұрақты нәтиже көрсетіп, команданың қоржынына алтын, күміс және қола жүлделер қосты.
U16 санатындағы қатысушылар арасында спринтерлер мен техникалық дисциплина өкілдері ерекше көзге түсті. 200 метр қашықтықта Дарья Ситникова 26.28 нәтижесімен сенімді түрде жеңіске жетті. Осы қашықтықтағы ұлдар арасындағы жарыста алтын медальді Мухамед Гоибов иеленді — 23.57.
100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Яна Хайрутдинова 15.31 нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Команда қоржынына тағы бір күміс медальді үш қарғып секіруден Зухра Каримова әкелді — 10.69. Биіктікке секіру секторында Роман Ковалёв 1.60 нәтижесімен қола жүлдегер болды.
U23 жастар санатында да екінші күн нәтижелі өтті. Арина Мозуляко диск лақтыруда 38.83 метр нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Биіктікке секіруде ШҚО-ның бірден екі өкілі тұғырға көтерілді: Рамазан Бакытжанов күміс жүлдегер атанса, Руслан Ломтев қола медаль иеленді. Екі спортшы да 1.95 метр биіктікті бағындырды.
Онсайыста Иван Сенинг екі күн қорытындысы бойынша 6403 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Күннің сәтті қорытындысы ретінде U23 аралас 4×400 метрлік эстафетада ШҚО құрамасы 3:51.32 нәтижесімен жеңіске жетті.
ШҚО спортшыларының нәтижелері — 2-күн
U16
200 м, ұлдар
1-орын — Мухамед Гоибов — 23.57
Биіктікке секіру, ұлдар
3-орын — Роман Ковалёв — 1.60
200 м, қыздар
1-орын — Дарья Ситникова — 26.28
100 м кедергілер арқылы жүгіру, қыздар
2-орын — Яна Хайрутдинова — 15.31
Үш қарғып секіру, қыздар
2-орын — Зухра Каримова — 10.69
U23
Онсайыс
1-орын — Иван Сенинг — 6403 ұпай
Биіктікке секіру, ерлер
2-орын — Рамазан Бакытжанов — 1.95
3-орын — Руслан Ломтев — 1.95
Диск лақтыру, қыздар
1-орын — Арина Мозуляко — 38.83
4×400 м Mixed Relay эстафетасы
1-орын — ШҚО — 3:51.32
4×100 м Mixed Relay эстафетасы
3-орын — ШҚО
