<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Ұзындыққа секіруде күміс: Фаина Мейрманова – Малайзиядағы чемпионаттың жүлдегері

Фаина Мейрманова есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионатында күміс медаль жеңіп алды Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионатында Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикада күміс жүлдегер атанды. Ұзындыққа секіруде ол 5 м 37 см нәтиже көрсетті. Жеңімпаз атағын Жапония өкілі Хинако Камимори иеленді, оның нәтижесі – 5 м 43 см. Бірінші және екінші орындар арасындағы айырма 6 сантиметр болды. Қола медальді 5 м 17 см нәтижемен Үндістан өкілі Самиха Барвин Мужи жеңіп алды. Еске салайық, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионаты 2–9 қазан аралығында Малайзиядағы Пенанг аралында өтуде. Жарысқа 19 елден шамамен 400 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасын әртүрлі пәндерде өнер көрсететін 8 атлет таныстырады.

⚡ Cached with atec Page Cache