<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Өскеменде ШҚО-ның кросс және жеңіл атлетикалық 4-борьбодан ашық чемпионаты өтті

2026 жылғы 12 қыркүйекте Өскемен қаласында 2011–2012 ж.т. кіші жасөспірімдер, 2009–2010 ж.т. үлкен жасөспірімдер, 2007–2008 ж.т. жасөспірімдер, 2004–2006 ж.т. жастар және ересектер арасында жүгіруден, сондай-ақ 2013–2014 ж.т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикалық 4-борьбодан Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті. Кросс жарыстары «Самал» саябағында өтті. Жеңіл атлетикалық 4-борьба таңертеңнен бастап Сәтбаев даңғылындағы «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында сағат 08:30-да басталды. Жарысқа ауа райы қолайлы болды: күн жылы әрі ашық болып, бұл кросс қашықтықтарында жүгірген спортшыларға да, 4-борьбаға қатысқан жас спортшыларға да жақсы жағдай жасады. Олар 60 метр және 600 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және доп лақтыру бойынша сынға түсті. Сөреге әртүрлі жас санаттарындағы спортшылар — кіші жасөспірімдерден бастап ересек атлеттерге дейін шықты. Олар жеке есепте 2-ден 12 километрге дейінгі қашықтықтарда бақ сынасты. Жарысты «Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ және «Жеңіл атлетика бойынша ШҚО МБЖОРМ» КММ Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен ұйымдастырды. Жарыстың негізгі міндеттерінің бірі — алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын ШҚО құрама командасын жасақтау. Жарыстың қорытынды хаттамалары нәтижелерімен кейінірек жарияланады.

⚡ Cached with atec Page Cache