<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

АҚШ-та U-20 әлем чемпионаты басталды: ШҚО атынан Софья Киденко өнер көрсетеді

Бүгін, 5 тамызда, АҚШ-тың Юджин қаласында (Орегон штаты) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан U-20 әлем чемпионаты басталды. Жарыс 9 тамызға дейін жалғасады. Чемпионатта Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғайды — жүгіру, жедел жүру, үштік секіру, сырықпен секіру және диск лақтыру түрлерінде. Құрама топтағы Шығыс Қазақстан облысының жалғыз өкілі — Софья Киденко. Гонконгте өткен Азия чемпионатында ол осы қашықтықта соңғы 20 жылдағы қазақстандық спортшылар арасындағы үздік нәтиже көрсетіп, алғаш рет 55 секундтан төмен түсті — 54,75 с. Сонымен қатар, 4×400 м эстафетасы құрамында Киденко Азия чемпионатында қатарынан үшінші рет күміс медаль жеңіп алды. Софьяға және барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!

⚡ Cached with atec Page Cache