Анастасия Рыпакова 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Қытайдың Ордос қаласында 9–12 шілде аралығында өтіп жатқан тарихтағы алғашқы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ұзындыққа секіруден өткен финалда Қазақстан намысын қорғаған Анастасия Рыпакова 6,11 метр нәтиже көрсетіп, 6,48 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алған қытайлық Хуан Иньиннен ғана қалып қойды. Қола медальді 6,10 метр нәтижемен Вьетнам өкілі Ха Тхи Тхуй Ханг иеленді. Анастасия Рыпакованың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатындағы алғашқы медалі болды. Жарыс қорытындысы: Хуан Иньин (Қытай) — 6,48 м Анастасия Рыпакова (Қазақстан) — 6,11 м Ха Тхи Тхуй Ханг (Вьетнам) — 6,10 м Анастасияны табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!