ШҚО чемпионатының бірінші күніндегі марапаттау рәсімі (30.05.2026)

Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетикадан 2004 жылы туған және одан үлкен спортшылар, 2005–2006 жж.т. (U23), 2007–2008 жж.т. (U20), 2009–2010 жж.т. (U18), 2011–2012 жж.т. (U16) спортшылар арасында Ашық чемпионаты басталды. Төменде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінен фотосуреттер топтамасын ұсынамыз.
Елизавета Матвеева Кипрдегі турнирде топ жарды

Елизавета Матвеева Кипрдегі турнирде топ жарды Кипрдің Лимасол қаласында өткен жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting халықаралық турнирінде қазақстандық Елизавета Матвеева жарқын нәтиже көрсетті. World Athletics ұйымының қола деңгейдегі құрлықтық жарыстар санатына кіретін беделді додада отандасымыз әйелдер арасындағы биіктікке секіру бағдарламасында сынға түсті. Матвеева 185 сантиметр биіктікті бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Кристина Овчинникова 180 см нәтижемен бесінші орынға тұрақтап, жарыс қорытындысы бойынша үздік бестік қатарына енді. Айта кетейік, жергілікті спортшы Елена Куличенко алтын медаль иеленсе, Грекия өкілі Панагиота Доси үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге ие болды. Дереккөзі: Instagram аккаунты @qazathletics
Жарыс бағдарламасы

КЕСТЕСІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ 2004 ж.т. және одан үлкендер, 2005–2006 ж.т. (U23), 2007–2008 ж.т. (U20), 2009–2010 ж.т. (U18), 2011–2012 ж.т. (U16) арасында 30–31 мамыр 2026 ж. Өскемен қ. 30 МАМЫР «Алтай» стадионы 14:40 — ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ 14:30 — 3000 м кедергілер арқылы жүгіру (стипль-чез) — Барлық қатысушылар 15:00 — 400 м жүгіру — Қыздар — іріктеу жарыстары 15:15 — 400 м жүгіру — Жасөспірімдер — іріктеу жарыстары 15:35 — 100 м жүгіру — Қыздар — іріктеу жарыстары 15:55 — 100 м жүгіру — Жасөспірімдер — іріктеу жарыстары 16:20 — 1500 м жүгіру — Қыздар 16:30 — 1500 м жүгіру — Жасөспірімдер 17:00 — 100 м жүгіру — ФИНАЛ — Қыздар 17:10 — 100 м жүгіру — ФИНАЛ — Жасөспірімдер 17:20 — 400 м жүгіру — ФИНАЛ — Қыздар 17:30 — 400 м жүгіру — ФИНАЛ — Жасөспірімдер 17:40 — 5000 м жүгіру — Барлық қатысушылар 18:10 — 4 × 100 м эстафета — Қыздар 18:20 — 4 × 100 м эстафета — Жасөспірімдер Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығы 10:00 — Ядро лақтыру — Жасөспірімдер — финал 10:00 — Ұзындыққа секіру — Қыздар — финал 10:00 — Биіктікке секіру — Жасөспірімдер — финал 11:20 — Ядро лақтыру — Қыздар — финал 12:00 — Ұзындыққа секіру — Жасөспірімдер — финал 12:00 — Сырғауылмен секіру — Барлық қатысушылар 12:20 — Диск лақтыру — Барлық қатысушылар 13:00 — Биіктікке секіру — Қыздар — финал 13:00 — Үш қарғып секіру — Барлық қатысушылар 13:20 — Балға лақтыру — Барлық қатысушылар 14:20 — Найза лақтыру — Барлық қатысушылар Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау 31 МАМЫР «Алтай» стадионы 12:00 — 3000 м жүгіру — Барлық қатысушылар 12:30 — 100 м кедергілер арқылы жүгіру — Қыздар 12:40 — 110 м кедергілер арқылы жүгіру — Жасөспірімдер 12:50 — 200 м жүгіру — Қыздар — іріктеу жарыстары 13:20 — 200 м жүгіру — Жасөспірімдер — іріктеу жарыстары 13:50 — 800 м жүгіру — Қыздар 14:00 — 800 м жүгіру — Жасөспірімдер 14:15 — 400 м кедергілер арқылы жүгіру — Қыздар 14:25 — 400 м кедергілер арқылы жүгіру — Жасөспірімдер 14:35 — 200 м жүгіру — ФИНАЛ — Қыздар 14:45 — 200 м жүгіру — ФИНАЛ — Жасөспірімдер 15:00 — 4 × 400 м эстафета — Қыздар 15:10 — 4 × 400 м эстафета — Жасөспірімдер 15:20 — 4 × 400 м эстафета (микст) — Смешанные (аралас) командалар Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығы 10:00 — 2000 м кедергілер арқылы жүгіру (стипль-чез) — Барлық қатысушылар НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАҒДАРЛАМАДА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛУЫ МҮМКІН!
