4-6 шілде аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

4-6 шілде аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Қосанов мемориалынан кейін тынығып үлгерместен, біздің жеңіл атлеттеріміз алдағы Қазақстан Чемпионатына дайындалуда. Бұл чемпионат Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарына әлі жолдама алып үлгермеген спортшылар үшін соңғы мүмкіндік болып табылады. Ал Олимпиада 5 тамызда басталады. Құрама сапына 6 бойжеткен енді: Рио Олимпиадасына жолдамасы бар Элина Михина, Орталық Азия елдерінің жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарысының жеңімпазы Варвара Назарова, Қосанов мемориалының үздік секірушісі атанған Регина Кайсарова, Мемориалдың күміс жүлдегері Надежда Дубовицкая, Татьяна Дружина және Мөлдір Сейітханова. Сондай-ақ командада 16 жігіт бар: Евгений Лабутов, Андрей Лейменов, Евгений Четтыкбаев, Семен Арыкин, Владислав Лешин, Максим Мжельский, Иманмәди Құсманов, Мағжан Жақыпбеков, Эдуард Васильев, Ербол Кәленов, Иван Соловьев, Владислав Сутягин, Алексей Владимиров, Артур Гафнер, Евгений Архипов және Константин Скрынник. Міне, осындай үлкен спорттық отбасы болып біздің атлеттеріміз Алматының басты стадионын бағындыруға аттанды. Алдағы Чемпионатта сәттілік пен жеңістер тілейміз. Инна Семеняк Фото — Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Биіктік патшайымы Регина Кайсарова

Алматыдағы Орталық стадионда Гусман Косановты еске алуға арналған XXVI халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың қорытынды күні ШҚО құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Регина Кайсарова биіктікке секіруде 1,8 м нәтижесімен жеңіске жетіп, ең үздік атанды. Бұл көрсеткіш аса жоғары болмаса да, жеңіс үшін жеткілікті болды. Бір қызығы, спортшы 1,85 м биіктікке тіпті шыққан да жоқ, қолда бар медальді місе тұтуды жөн көрді. Айта кетейік, биіктікке секіруде тұғырдың барлық сатысын қазақстандық атлеттер иеленді. Күміс медальді осы сектордағы ең жас қатысушы болған семейлік жұлдыз Надежда Дубовицкая еншілесе, үздік үштікті Александра Гулюкина түйіндеді. Гусман Косановты еске алуға арналған XXVI халықаралық турнир Биіктікке секіру. Әйелдер (7 қатысушы): Регина КАЙСАРОВА (Қазақстан, ШҚО) — 1,80 Надежда ДУБОВИЦКАЯ (Қазақстан, ШҚО) — 1,75 Александра Гулюкина (Қазақстан) — 1,70 1500 м жүгіру. Ерлер (16 қатысушы): Алексей Гусаров (Қазақстан) — 3:55,10 Роман Штукан (Өзбекстан) — 3:57,03 Назири Пейман (Иран) — 3:58,53 Үш қарғып секіру. Ерлер (9 қатысушы): Роман Валиев (Қазақстан) — 16,80 Евгений ЧЕТТЫКБАЕВ (Қазақстан, ШҚО) — 16,30 Хакими Мухаммад (Малайзия) — 16,20 800 м жүгіру. Ерлер (25 қатысушы): Мостафа Эбраими (Иран) — 1:49,01 Индунил Гедара (Шри-Ланка) — 1:49,83 Крушид Ахмадиев (Өзбекстан) — 1:51,99 Сергей Тулапин (Қазақстан) — 1:52,46 …14. Иманмәди ҚҰСМАНОВ (Қазақстан, ШҚО) — 1:55,27 …17. Максим МЖЕЛЬСКИЙ (Қазақстан, ШҚО) — 1:56,08 …20. Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) — 1:57,35 200 м жүгіру. Ерлер (38 қатысушы): Салем Ягооб (Бруней) — 20,43 (жарыс рекорды) Али Хадивар (Иран) — 20,87 Виной Мутхумуни (Шри-Ланка) — 20,93 …6. Владислав Григорьев (Қазақстан) — 21,00 …7. Владислав ЛЁШИН (Қазақстан, ШҚО) — 21,49 400 м жүгіру. Әйелдер: Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) — 52,09 Анастасия Кудинова (Қазақстан) — 52,31 Александра Романова (Қазақстан) — 54,45 Қалған хаттамалар кейінірек жарияланады.
