ШҚО найза лақтырушыларының жарқын жеңісі

ШҚО найза лақтырушыларының жарқын жеңісі 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасындағы Орталық Азия елдері командаларының халықаралық жарысында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары найза лақтырудан бірінші орын иеленді. Артур Гафнер 72,77 метр нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартып, спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ, ол 4-6 маусым аралығында Хошимин қаласында (Вьетнам) өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды. Қыздар арасында Варвара Назарова 50,23 метр нәтижесімен жеңіске жетіп, ересектер арасында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
