Лондон Рыпакова үшін жаралған!

Әділдік үшін айта кетейік, бұл жолғы бәсекелестік деңгейі таңқаларлықтай төмен болды. Әлемдік маусымның көшбасшылары украиналық Ольга Саладуха, колумбиялық Катерин Ибаргуэн және ресейлік Екатерина Конева бұл стартқа қатысқан жоқ, сірә, Бейжіңдегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алдында күш жинап жатқан болса керек, оған дейін бір айдан аз уақыт қалды. Бірінші деңгейлі жұлдыздар болмаған соң, Рыпаковаға аса танымал емес спортшылармен күресуге тура келді. Егер ямайкалық Кимберли Уильямс пен словакиялық Дана Велдакованың есімдері жеңіл атлетиканың ең қырағы жанкүйерлеріне азды-көпті таныс болса, литвалық Довиле Джиндзалетайте туралы тіпті біздің тілшіміз де бірінші рет естіп отыр. Тиісінше, нәтижелер де төмен болды. Біздің примамыздың ең үздік секіруі 14,33 метрді көрсетті – бұл да аса жоғары нәтиже емес. Уильямс болса ұшу сызығына 18 см жақын секіріп, екінші орынды иеленді, ал үшінші орынды мұндай деңгей үшін күлкілі 13,66 метрге секірген Велдакова иеленді. Дереккөз: vksport.kz