Ең кішкентайларға арналған марафон

Қатысушылар – 5-6 жас аралығындағы 70 бала – төменгі сынып оқушылары мен балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері. Әр топ шағын халық биін дайындады: балалар Қазақстанда және әлемде қандай этностар тұратынын, олардың өзара достығын көрсетті. Марафонда әлемнің 18 халқының мәдениеті таныстырылды. Сонымен қатар, балалар үшін би жаттығулары, әртүрлі жануарларды бейнелейтін «Бейнелеу» ойыны және, әрине, «Марапаттау» бөлімі дайындалды. Әрбір қатысушы қалалық білім бөлімінен сыйлыққа жұмсақ ойыншық алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған би марафоны көрермендер мен қатысушыларды түрлі халықтардың мәдениетімен таныстырып қана қоймай, Ассамблеяның даму жолында барлық этностардың басын біріктіруге және ынтымақтастығына ықпал еткенін көрсетті.