Новости

Ашық есік күні

Болашақ чемпионды жеңіл атлетика спорт секциясына тіркеңіз

Жеңіл атлетикадан Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (ШҚО ЖА ОРМБЖСМ) «Жеңіл атлетика орталығы» ғимаратында (Сәтпаев көшесі, 82/2) күн сайын сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін жазылуға болады (сенбі және жексенбіден бөлек). Оқу-жаттығу сабақтары тегін өткізіледі.

Ата-аналар (заңды өкілдер) баласын ШҚО ЖА ОРМБЖСМ-ге тіркеу кезінде нені білуі маңызды:

  • Таңдалған спорт түрі туралы негізгі мәліметтерді, жаттықтырушы-оқытушы туралы ақпаратты, оқу-жаттығу сабақтарының жоспары мен кестесін, қабылдау жасын және топтың құрамын білу;

  • Оқушыларды оқуға қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және мектепті бітіру тәртібі туралы ережелермен танысу;

  • Белгіленген үлгі бойынша өтініш жазу және келесі құжаттарды тапсыру: баланың туу туралы куәлігінің (паспортының) көшірмесі; таңдалған спорт түрімен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқтығын растайтын медициналық анықтама; 3×4 көлеміндегі фотосурет (1 дана).

2016-2017 оқу жылына құжаттарды қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.

Оқу-жаттығу процесінің нысандары:

  • Топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар;

  • Жеке оқу-жаттығу сабақтары;

  • Медициналық-қалпына келтіру шаралары;

  • Тестілеу және медициналық бақылау;

  • Жарыстар мен бақылау сынақтары;

  • Оқу-жаттығу жиындары;

  • Нұсқаушылық және төрешілік практика.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 9-10 қыркүйегінде «Ашық есік күні» өтетінін хабарлаймыз.

Фотосуреттер