
«Азия балалары» IV халықаралық спорттық ойындары аясындағы жеңіл атлетика жарыстарының қорытынды күні қазақстандық спортшыларға 4х100 м және 4х400 м эстафеталарында ұлдар арасында да, қыздар арасында да қола жүлде сыйлады.
Бозбалалар арасындағы 4х400 метрлік эстафетада қазақстандық спортшылар 03:33.56 нәтижесімен қола медаль иеленді. Біздің команда сапында Кирилл Григорян, Владимир Фещенко, Никита Чупоршнев және Николай Петров жүгірді. Бірінші орынды Таиланд өкілдері (03:31.60), екінші орынды Қытай командасы (03:32.09) иеленді.
4х100 эстафетасы: 1-орын – Таиланд (43.50), 2-орын – Шри-Ланка (45.00), 3-орын – Гонконг (Қытай) (45.08).
Қыздар арасындағы 4х100 эстафетасында біздің бойжеткендер де ұлдардың жетістігін қайталап, 51.37 нәтижесімен үшінші орынға табан тіреді. Құрамда Виктория Бричевская, Александра Егорина, Анастасия Трифонова және Арина Мишеева болды. Алтынды Әзірбайжан командасы (49.33), күмісті Ресей өкілдері (50.02) алды.
4х400 метрлік эстафетада тұғырдың бірінші сатысына Ресей (03:53.24) көтерілді, екінші орында Таиланд өкілдері (04:02.39), үшінші орында Шри-Ланка спортшылары (04:02) қалды.
Фото: gamesasia.ru
