2026 жылғы 24 қазанда «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған «ШҚО жеңіл атлетикадан ОРМБЖМ» КММ-нің ашық чемпионаты өтеді.
Жарысқа 2012–2013, 2014–2015 және 2016 жылы туған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар қатысады.
Жарыс бағдарламасы
11:00 – жарыстың ашылуы
11:15 – 1000 метрге жүгіру, қыздар
11:45 – 1000 метрге жүгіру, ұлдар
12:15 – 600 метрге жүгіру, қыздар
12:45 – 600 метрге жүгіру, ұлдар
13:15 – 300 метрге жүгіру, қыздар
13:45 – 300 метрге жүгіру, ұлдар
Финалдық жүгірулер аяқталғаннан кейін жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.