“Жаттықтырушы”

Жаттықтырушы жайлы

Спортшылар өздерінің жаттықтырушыларының еңбегін бағалап, алғыс білдіретіндіктері қуантады. Мысалы, СШҮ, ЕСҚ “Буревестник” ҚазССР чемпионы  Левин Василий Михайлович өзінің жаттықтырушысы Станислав Петрович Савельевке арнап, “Жаттықтырушы” деген атаумен кітап жазды. Василий Михайловичтің өзі ШҚО ДШжСБ «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ мектебіне сыйға тартқан осы кітаппен кез-келген адам таныса алады.

Кітаптағы С.П. Савельевтің кіші сіңлісі Иринаның естеліктерінен үзінділер. «Станислав Петрович Савельев мықты жаттықтырушы, ұлағатты ұстаз, тәлімгер, мықты дос, тіпті кейбіреулер үшін екінші әке болды. Станислав Петрович спортты насихаттау үшін көп жұмыс жасады. Мысал ретінде оның “Колобок” клубын алуға болады. Клубтағы жаттығуға көп адамдар келетін. Радиода жүгірудің пайдасы туралы дәріс оқыды. Ол кәсіби шебер болды, көптеген түрлі әдебиеттерді оқыды (спорттық және медициналық). Ол сол кездегі әйгілі жүгірушілердің Пааво Нурми, Лассе Вирен, Владимир Куц, Питер Снелл, Петр Болотников, Людмила Брагина және басқалардың жүгіру номограммаларын зерттеді, тіпті жүгіру техникасын көріп, үйрену үшін сол кездегі заманауи технология жемісі болған кинопроекторды сатып алды. Одан кейін оқытқан тәрбиеленушілеріне өкшені қалай қою керектігі жайлы, бөксені қалай дұрыс созу керектігі жайлы, арқасы қалай дұрыс ұстау керектігі жайлы үйрететін. Ол жол бойына көтеріліп, нысанаға қарай ұшатын жүгірушіні мүсіндегендей мүсінші, суретші сияқты. Бірақ ең бастысы, ол спортшынының қалай дайындау керектігін көре алатын, сезе алатын және оның жарақат пен шамадан тыс жүктемелерден аулақ болып, оған нәтижеге жету жолдарын көрсете білді. С.Савельев көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, жаттығулардан, жүктемелерден және жаттығулардан бастап, спортшының демалысы мен тамақтануына дейін барлығын жүйелі, мақсат-бағдарлы түрде ұйымдастыра білді».

Станислав Петрович үлкен мейірімділікпен, шынайылықпен, әділеттілікпен және өз ісіне берілгендігімен ерекшеленді және дарынды адам болды. Ол Ю.Ларионов, А. Тарасенко, В. Молочков, Р. Көшербаев,  А.Ведерников, А. Шувалов, С. Голубниченко, А. Шувалов, Л. Чалышева, А.Ведерников, Е. Бучацкий, А. Перепеляк сияқты талантты спортшылардың жаттықтырушысы болды.

Бұл кітаптан сол кездегі спорттың даму өмірінен көптеген бақытты сәттерді көруге болады. Олардың әрқайсысы біздің спортшылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының жеке парағы ретінде. Біз Сіздерге кітаптан алынған кейбір фотосуреттерді көрсеткіміз келеді.

1974 ж. Алматы қаласының орталық стадионы. «Өскемен – Алма – Ата» жүгіріс қатысушылары. Сол жақта – ШҚО облыстық білім басқармасының бастығы А.К. Құлназаров.

 1974 ж. А. Ведерников қашықтықты бағындыруда

blank

Қырғызстан тауларындағы жиындарда.

Савельев, Көшербаев, Тарасенко,Бородулин

blank

Шымкент. 1980 ж. ЕСҚ «Енбек» Қазақстан топтық біріншілігінің чемпиондары.

 Фотода: Н. Егорова, О.Булатова, Л. Чалышева, О. Кузнецова, Савельев отбасымен, Набережный, А. Игнатов, Р. Кошербаев, А. Ведерников. 

blank

«Жаттықтырушы» кітабының авторы Левин В.М.

Фотосуреттер