Новости

XXXIV Гусман Қосанов мемориалының қорытындылары

XXXIV Гусман Қосанов мемориалдық турнирі – Орталық Азиядағы жеңіл атлетика бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі – 2–3 тамыз күндері Алматыда өтті. Аймақтың үздік спортшыларын жыл сайын жинайтын бұл жарыс тағы да қазақстандық атлеттердің, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының өкілдерінің жарқын өнер көрсету алаңына айналды.

Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая 1.84 метр биіктікті бағындырып, алтын медаль иеленді. Иван Иванов ядро лақтыруда 19.12 м нәтижемен, Эльнор Мұхитдинов 400 метрге жүгіруден (47.50) және Игорь Хрунин 1500 метр қашықтықта 3:55.18 нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Жарыстың екінші күнінде Юлия Башманова 100 метрге кедергілермен жүгіруден 13.73 секунд нәтижемен бірінші орын алды. Копье лақтыруда Артур Гафнер 72.72 метр көрсеткішпен екінші орынға ие болды. Игорь Хрунин 5000 метрге жүгіруден 15:30.63 нәтижемен тағы да үшінші орынды иеленді.

Екінші күннің ең жарқын сәттерінің бірі – Қазақстан құрамасының 4×400 метр аралас эстафетасындағы жеңісі болды. Команда құрамында ШҚО-дан Эльнор Мұхитдинов пен Андрей Соколов, Павлодардан Александра Залюбовская және Қарағанды облысынан Аделина Земс өнер көрсетті. Эстафеталық төрттік 3:25.65 нәтижемен сенімді түрде мәреге жетті.

Қосанов мемориалы тек спорттық сабақтастықты сақтап қана қоймай, қатысушыларға биылғы қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында маңызды рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.

Фото: qazathletics.kz

Фотосуреттер