Новости

Ұжымды мақтан тұтамыз: Наурыз олимпиадалық резерв мектебінің басын қосты!

Наурыз мейрамы қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» өз ұжымы үшін мерекелік іс-шара өткізді. Салтанатты жағдайда мекеменің үздік қызметкерлеріне адал еңбегі, спортты дамытуға қосқан үлесі және жоғары кәсібилігі үшін құрмет грамоталары табыс етілді. Әріптестеріне жылы лебізін білдіре отырып, мектеп басшылығы: «Сіздерге мықты денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен жұмыста табыс тілейміз!» — деп атап өтіп, осынау көктемгі жаңару мерекесінде бірлік пен өз ісіне адалдықтың маңыздылығына тоқталды

Фотосуреттер