Бүгін «ШҚО МБЖОРМ» КММ-де Шымкент қаласында өткен 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер (U18) арасындағы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионатынан оралған Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика құрамасымен салтанатты кездесу өтті.
Команданы табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға жаңа жетістіктер, жарқын жеңістер және жоғары нәтижелер тілейміз!


