15–17 мамыр аралығында Алматы қаласында U18 жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Бұл жарысқа елдің түкпір-түкпірінен ең мықты жас спортшылар жиналды. Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) өкілдері жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әсіресе шығысқазақстандықтар көпсайыс бойынша сенімді өнер көрсетті.
Омырзақ Асқар барлық жаттығу түрлерінің қорытындысы бойынша 6631 ұпай жинап, Қазақстан Республикасының жаңа рекордын орнатты.
Қыздар арасында жеңіс Виктория Климанцеваға бұйырды — ол 4605 ұпай жинап, спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады.
Төменде жарыс бағдарламасының барлық түрінде жоғары нәтиже көрсеткен Шығыс Қазақстан облысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің нәтижелері келтірілген.
Ерлер
1500 м
2. Никита ГУРЕЕВ 14.12.09 ШҚО – 4:23.26
Онсайыс
Асқар ОМИРЗАҚ ШҚО – 6631
Сырықпен секіру
3. Платон КРУГЛОВ 31.08.09 ШҚО – 3.90
Әйелдер
100 м кедергілермен жүгіру
2. Эвелина РЯБКОВА 31.07.08 ШҚО – 14.22
400 м кедергілермен жүгіру
Эвелина РЯБКОВА 31.07.08 ШҚО – 1:02.35
Стипль-чез 2000 м
Мирослава АГАПИТОВА 08.06.09 ШҚО – 7:57.54
Эстафета 4×100 м
3. Жайнакова, Рябкова, Керимова, Черепанова ШҚО – 49.92
Эстафета 4×400 м
3. Тусупова, Немкова, Поточеская, Рябкова (ШҚО) — 4:07.5
Ядро итеру
2. Виктория КЛИМАНЦЕВА 06.04.08 ШҚО – 11.95
Балға лақтыру
3. Милана ЗАЙЦЕВА 29.07.09 ШҚО – 42.33
Жетісайыс
Виктория КЛИМАНЦЕВА (ШҚО) — 4605 ұпай
Фото көзі: @shygysathletics