Новости

ШҚО жеңіл атлетика спорт мектебінде әйелдер ұжымы 8 наурыз мерекесімен құттықталды 🌷

6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде салтанатты жиналыс өтті. Жиын барысында ұжым мектептің әйел қызметкерлерін алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Әйелдерге олардың еңбегі, спорттың дамуына қосқан үлесі және жас спортшыларды тәрбиелеудегі еңбегі үшін алғыс сөздер айтылды. Іс-шара соңында ұжымның әйелдеріне естелік сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілінді.

Фотосуреттер