Новости

ШҚО жеңіл атлетика бойынша МБЖОРМ спортшылары республикалық чемпионаттардан оралды: чемпиондарды салтанатты қарсы алу

ШҚО жеңіл атлетика бойынша МБЖОРМ КММ Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар U16 және жастар U23 чемпионаттарынан оралған құрама команданы салтанатты түрде қарсы алды.
U16 жас санатындағы чемпионатта команда 18 573 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте құрметті үшінші орынды иеленді. Ал U23 жастар арасындағы чемпионатта 28 224 ұпай нәтижесімен жеңіске жетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың жаттықтырушыларын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Фотосуреттер