ШҚО құрамасы медальдар мен нормативтерге қол жеткізді: ҚР U20 чемпионатының алғашқы күні
Шымкент қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күні Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жүлделі орындар мен халықаралық жарыстарға жолдама беретін нормативтерді орындады.
Күннің басты нәтижесі — Софья Киденконың 400 метрге жүгірудегі жеңісі. Ол 55,09 секунд нәтижемен бірінші болып келіп, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына норматив орындады.
Команда қоржынына тағы бір алтын медальді ядро лақтырудан Константин Утешев әкелді. Оның нәтижесі — 17,15 метр — Азия чемпионатының нормативіне сәйкес келеді.
Ұзындыққа секіруден ерлер арасында Ассан Азаматұлы 6,92 метр нәтижемен күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында ядро лақтырудан Виктория Климанцева 11,74 метр нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
4×100 метрлік эстафетада (әйелдер) ШҚО құрамасы (Камилла Елисеева, Амина Жайнакова, Надия Керимова, Мария Черепанова) 49,47 секунд нәтижемен үшінші орын алды.
Алғашқы күн қорытындысы бойынша ШҚО құрамасының еншісінде жүлделердің толық жиынтығы бар және команда чемпионатта жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
ШҚО құрамасының бірінші күндегі нәтижелері:
Ұзындыққа секіру (ерлер):
2 орын — Ассан Азаматұлы — 6,92 м
Ядро лақтыру (ерлер):
1 орын — Константин Утешев — 17,15 м (Азия чемпионатының нормативін орындады)
Ядро лақтыру (әйелдер):
3 орын — Виктория Климанцева — 11,74 м
400 м (әйелдер):
1 орын — Софья Киденко — 55,09 с (жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының нормативін орындады)
4×100 м эстафета (әйелдер):
3 орын — Камилла Елисеева, Амина Жайнакова, Надия Керимова, Мария Черепанова — 49,47 с
