В ДКМ прошла встреча главы ВКО со спортивной общественностью региона![]()
ШҚО ӘКК-да өңірдің спорттық қоғамдастығымен кездесуі өтті. Мәртебелі қонақтар ретінде Нагано-1998 Олимпиадасының хоккей бойынша вице-чемпионы Сергей Немчинов және ҚР ҰОК вице-президенті Анатолий Кулназаров қатысты.
Даниал Ахметов өңірдегі спорт саласында жоспарланып отырған жаңалықтар туралы айтты.
Атап айтқанда, Өскеменде ауыр атлетика бойынша арнайы мектеп ұйымдастырылатын болады. Өңір басшысының ойынша, бұл мектеп Ұлттық құраманың керемет резерві болады.
Жақын арада назар алты спорт түрін дамытуға аударылатын болады: хоккей, жеңіл атлетика, жекпе-жек спорттары, қысқы спорт түрлері, су спорттары және бір ойын спорты, бірақ ол әлі анықталған жоқ.
ШҚО әкімінен шәкіртақы алған 38 спортшы – халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары: Ольга Рыпакова, күрестен Азия чемпионы Расул Калиев, фристайлшылар Павел Колмаков, Дмитрий Рейхерд және Юлия Галышева, шаңғышылар Алексей Полторанин, Анна Стоян, Виктория Ланчакова, Александр Малышев, Анастасия Слонова, самбо әлем чемпионы Зере Бектасқызы, биатлоншылар Василий Подкорытов және Галина Вишневская, Александр Куликов – гребной слалом бойынша ҚР чемпионы, Полина Михайлова – Азия ойындарының қола жүлдегері (гандбол), дзюдошылар Дастан Ықыбаев және Еркебулан Косаев, еркін күрестен Азия чемпионы Расул Калиев. Шәкіртақы мөлшері – спорттық жетістіктеріне байланысты 150 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін.
ШҚО әкімдігі хабарлағандай, Шығыс Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін 3132 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінгі күні өңірде 88 спорт түрін дамыту жұмысы жүргізілуде.
Дереккөз: yk.kz
