Новости

Сенбілік

2015 жылғы 22 сәуірде ШҚО СДЮСШОР КММ ұжымы жалпықалалық сенбілікке шықты. Спорт мектебінің қызметкерлері «Тазалық — саулық кепілі» ұранымен көшелерді құрғақ шөптен, бұтақтардан, жапырақтардан және қыс бойы жиналған қоқыстан бірлесе тазартты. Алдағы мамыр мерекелеріне орай қаланы абаттандыру мақсатында барлығы ерекше құлшыныспен және көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істеді.

 

Фотосуреттер