Новости

Қазақстанның қысқы чемпионаты. 60 метр, ерлер – прогресс үмітін арттырған география.

Ең көп қатысушыны — 30 спортшыны — 60 метрге ерлер арасындағы спринт жарысы жинады. Бұл жарыс 10 ақпан күні, Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионатының алғашқы күні өтті.
Ең жылдам спортшы — Қарағанды қаласының өкілі Виталий Земс болды.

8 финалисті анықтау үшін 5 алдын ала жүгіру өткізуге тура келді.
30 қатысушының ішінде Қырғызстаннан келген екі спринтер де болды.
Тағы бір ерекше жайт — қатысушылардың кең географиялық қамтылуы: Ақтөбе, Алматы, Астана, Ақмола және Алматы облыстары, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, Маңғыстау, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан.

Қатысушылардың басым бөлігі 17 мен 20 жас аралығындағы жастар.
30 спринтердің ешқайсысы спорт шебері нормативін орындай алмаса да, 17 спортшы кандидат шебер нормативінен жоғары нәтиже көрсетті.
Қысқы чемпионаттың жеңімпазы, қарағандылық Виталий Земс (6,90 сек) — 20 жаста.
Күміс жүлдегер, астаналық Александр Каспер (6,91 сек) — 22 жаста.
Қола жүлдегер, алматылық Рүстем Алмагамбетов (6,95 сек) те — 22 жаста.
Демек, олардың нәтижелерінің одан әрі жақсаруына үміт мол.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Фото: vksport.kz

Фотосуреттер