
Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру секторында алты спортшы бақ сынады: колумбиялық Ибаргуэн, ресейлік Екатерина Конева, Израиль атынан шыққан әлем вице-чемпионы Ханна Князева-Миненко, ямайкалық Кимберли Уильямс, болгариялық Габриэла Петрова және, әрине, Ольга Рыпакова. Брюссельдегі кезекті жазғы маусыммен қоштасудың тебіреністі сәттерінен бөлек, көптеген спортшылардың алдында нақты спорттық міндеттер тұрды. Мысалы, Ольга Рыпакованың «Гауһар лигасының» жалпы есебіндегі екінші орнын сақтап қалуға деген құлшынысы жоғары болды.
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы бұдан жоғары көтеріле алмайтын еді – колумбиялық Катерин Ибаргуэн финалға дейін бірінші орынды иеленіп қойған, сондықтан ол жарыс жолына шықпаса да немесе жартылай күшпен секірсе де болатын. Ал үздік үштіктегі қалған екі орын үшін тартыс өте шиеленісті болады деп күтілді.
Рыпакованы екінші орыннан ысыру үшін оның ең жақын ізбасары әрі әлемдік маусымның көшбасшысы ресейлік Екатерина Коневаға кезеңде жеңіске жетіп, біздің атақты жерлесіміздің екінші орыннан төмен нәтиже көрсетуіне үміт арту керек еді.
Ольга Рыпакова жоспардың екінші бөлігіне «көмектесіп» жіберді. Маусым соңындағы бабының төмендеуі мен арқа жарақаты өз әсерін тигізді. Алғашқы мүмкіндігінде сызықты басып кеткен Рыпакова, екінші секіруінде 14,23 метрді бағындырып, Ибаргуэннен кейін екінші орынға шықты (колумбиялық небәрі 3 см-ге артық секірген еді). Үшінші мүмкіндіктен кейін де ол осы орында тұрды. Бірақ «қашықтықтың» ортасынан асқанда, қарсыластардың нәтижелері күрт өсті. Ольга өзінің ең үздік секіруін соңғы мүмкіндіктерде көрсетті – 14,26 м. Рыпакованың шешуші сәтте мінез көрсетіп, нәтижесін аздап болса да жақсарта алатын қасиетін білетіндіктен, бұған таңғалмадық.
14,26 метрге секіру Ольгаға қорытынды хаттамада тек бесінші орын алуға мүмкіндік берді, бұл Конева үшін тиімді еді. Алайда, ресейлік спортшы өз жоспарын толық орындай алмады. 14,37 метрлік нәтижемен ол «Гауһар лигасының» кезекті кезеңін жеңіп алған Катерин Ибаргуэннен 23 сантиметр қалып қойды.
Маусым қорытындысы бойынша колумбиялық спортшы 28 ұпаймен бірінші орын иеленді. Одан 21 ұпай қалып қойған Рыпакова екінші, ал Екатерина Конева 6 ұпаймен үшінші орынды иеленді.
«Гауһар лигасының» XIV кезеңі. Үш қарғып секіру. Әйелдер:
-
Катерин Ибаргуэн (Колумбия) – 14,6
-
Ханна Князева-Миненко (Израиль) – 14,42
-
Екатерина Конева (Ресей) – 14,37 …5. Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан, ШҚО) – 14,26
Дереккөз: vksport.kz
