
Халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетикалық жарыстар 24-25 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті. Оған төрт елдің: Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және, әрине, Қазақстанның атлеттері қатысты. Қазақстан құрамасының сапында Шығыс Қазақстанның жеті спортшысы өнер көрсетіп, олардың әрқайсысы қорытындысында тұғырдан көрінді.
Ең үлкен табысқа найза лақтырушылар қол жеткізді. Артур Гафнер найзаны 72,77 метрге ұшырды! Айта кетерлігі, найза лақтыру секторында ол жалғыз болды, сондықтан алтын медаль оған алдын ала кепілдендірілген еді. Алайда, бұл жайт Артурдың босаңсуына себеп болмады және ол Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы рекордын жаңартқан нәтиже көрсетті! Бұл көрсеткіш оған 4-6 маусым аралығында Вьетнамның Хошимин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріп, ҚР Спортына еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындауға жол ашты.
Варвара Назарова тіпті жарқын өнер көрсетті. Ол Гафнердің нәтижесінен асып түспесе де, тарихты өзгертті — 18 жасында ересектер арасында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты! Алғашқы әрекетінен-ақ ол 50 метрлік межеге жақындап, бесінші талпынысында найзаны 50,23 метрге лақтырды! Бұл Светлана Казанинаның осыдан 13 жыл бұрын Сен-Денидегі (Франция) Әлем чемпионатында көрсеткен нәтижесінен 6 см-ге артық! Ол кезде Назарова небары 5 жаста болатын…
Халықаралық турнирдің алтын медальдарын орта қашықтық шеберлері Владислав Сутягин мен Евгений Архипов жеңіп алды. Олар 4-те 400 метрлік эстафетада Қырғызстанмен болған тартысты бәсекеде мәреге бірінші болып келді. Сутягин мен Архипов жекелей сында да марапаттарға ие болды: Влад 400 метрге жүгіруде қола медаль алса, Архипов екі есе ұзын қашықтықта қарағандылық мықты спортшы Думан Габдыгалиевке жарты секундқа ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.
Семейлік биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая 1,8 метрлік тамаша нәтижемен турнир чемпионы атанды. Күміс және қола медальдарды балға лақтырудан өскемендіктер Константин Скрынник пен Алексей Владимиров қанжығаларына байлады.
ШҚО спортшыларының Орталық Азия елдерінің жасөспірімдер құрамалары арасындағы халықаралық жарыстағы нәтижелері:
Ерлер. 400 м жүгіру (8 қатысушы):
-
Григорий Дерепаскин (Тәжікстан) – 48,89
-
Кирилл Сарасов (Қырғызстан) – 49,13
-
Владислав СУТЯГИН (Қазақстан, ШҚО) – 49,60
800 м жүгіру (7 қатысушы):
-
Думан Габдыгалиев (Қазақстан) – 1:54,35
-
Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) – 1:54,85
-
Мусулман Джоломанов (Қырғызстан) – 1:56,5
Эстафета 4х400 м (3 команда):
-
Қазақстан (АРХИПОВ, СУТЯГИН) – 3:21,30
-
Қырғызстан – 3:22,60
-
Өзбекстан – 3:33,49
Балға лақтыру (3 қатысушы):
-
Руслан Сайфутдинов (Қазақстан) – 54,88
-
Константин СКРЫННИК (Қазақстан, ШҚО) – 51,92
-
Алексей ВЛАДИМИРОВ (Қазақстан, ШҚО) – 51,59
Найза лақтыру (1 қатысушы):
-
Артур ГАФНЕР (ШҚО) – 72,77 – Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы жаңа рекорды
Қыздар. Биіктікке секіру (4 қатысушы):
-
Надежда ДУБОВИЦКАЯ (Қазақстан, ШҚО) – 1,8
-
Шахноза Бейжигитова (Өзбекстан) – 1,7
-
Алина Яблокова (Өзбекстан) – 1,6
Диск лақтыру (2 қатысушы):
-
Севара Режепова (Өзбекстан) – 38,9
-
Варвара НАЗАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 36,91
Найза лақтыру (3 қатысушы):
-
Варвара НАЗАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 50,23 – Қазақстанның жаңа рекорды
-
Екатерина Нестерова (Қазақстан) – 38,14
-
Шахноза Бейжигитова (Өзбекстан) – 26,25
Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
