МБЖОРМ

«Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірім олимпиадалық резерв мектебі» КММ Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы №300 Қаулысымен құрылып, «Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы» ММ-нің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № П-1028(к) бұйрығымен бекітілген.

Мекеменің мәні, мақсаты мен міндеті келесідей:

Балалар мен жасөспірімді спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру, физикалық, моралды-ерікті қасиеттерін тәрбиелеу, спорт шеберлігі деңгейін арттыру, құрама командаларына үміткерлерді дайындау; жүйелі сабақтар барысында спорт мектептеріндегі спорттың мамандандырылған сабақтарына жұмылдыру үшін қабілетті балалар мен бозбалаларды анықтау; қала, облыс, республиканың құрама командаларына үміткерлердің, спорт  резервін дайындауды қамтамасыз ету және жоғары таптағы спортшыларды тәрбиелеу.

Мектепте  жеңіл  атлетика  бөлімінде  жоғарғы  дене  шынықтыру  және  орта-арнайы  дене  шынықтыру  білімі  бар  20 жаттықтырушы  жұмыс  жасайды. 2020 жылдың 1  қыркүйегінде  спортшылар  саны  317.

МБЖОРМ спорт ғимараттары:

Мектеп бюджеті есебінен екінші санаттағы халықаралық сертификаты бар «Ольга Рыпакова» жеңілатлетикалық орталық жұмыс атқаруда. Манеж киім ауыстыратын бөлмелермен, душпен, мектеп әкімшілік кабинеттерімен, дәрігерге, массажистке, әдістемелік және жаттықтырушыларға арналған бөлмелермен жабдықталған.

Жеңіл атлетика орталығы IAAF-тің барлық халықаралық талаптарына сәйкес келетін Regupol AG жабыны бар бөлмелерде жеңіл атлетикадан жарыстарға арналған заманауи спорт ғимараты.
Орталық жергілікті және халықаралық деңгейдегі жарыстық және жаттығу үдерістерін ұйымдастырудың кешенді объектісі ретінде өңірлік маңызға ие.

Ғимарат аумағы  11123,2 м2

Арена аумағы – 7743м2

Отыратын орындар – 910,

Жүгіру жолдары – 8, әрқайсысы 110 м (жаттығу аймағы)

Ортадағы  жолдары – 8, әрқайсысы 60 м

Шеңбер ұзындығы –  200 м, 6 жол

Мамандандырылған секторлары – 6 (ұзындыққа секіруге, қатырынан үш рет секіруге, биіктікке секіруге, сырықпен секіруге, 60 метрге кедергілік жүгіріске, спринтке, орташа және алыс қашықтықтарға, спорттық жүріске, ядро итеруге арналған сектор).

Мекеме ғимараты Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 82/2 құрылыста ораласқан.

Фотосуреттер