<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Маңызды ақпарат!

Федерация ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға жоспарлы даярлаудан өтуіне байланысты ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Ұлттық құрама командалар арасында COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шаралар қабылдағанын хабарлайды. Алматы қаласының орталық стадионы аккредиттелген спорт ғимараты болғандықтан, ол 2021 жылғы 5-20 шілде аралығында Жеңіл атлетикадан ҚР ҰСК-мен ұсынылатын болады.

Аталған кезеңде барлық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Осы себепті, кіші ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионатын, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатын (2-4 шілде) бұрын бекітілген мерзімде өткізу мүмкін емес.  Осы жарыстарды өткізу күндері 2021 жылғы 28-30 маусымға, 27 маусымдағы келу күніне ауыстырылады.

Дереккөз: https://qazathletics.kz/

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache