Новости

Көшербаев Рахымгазы Нұрғалиевичтің құрметіне арналған естелік жүгірісі Өскемен қаласында өтеді

Көшербаев Рахымгазы Нұрғалиевичтің құрметіне арналған естелік жүгірісі Өскемен қаласында өтеді

2025 жылғы 31 тамыз күні таңғы сағат 8:00-де Өскемен қаласында КСРО спорт шебері, аңызға айналған бапкер, ұстаз – Көшербаев Рахымгазы Нұрғалиевичті еске алуға арналған жүгіріс өтеді.

Маршрут: ГЭС (Аблакетка) ауданынан Өскемен қаласы әкімдігіне дейін (Пермитин көшесі, 17)
Қашықтық: 12 км
Тіркелу: 06:00–07:45 аралығында старт орнында

Жүгіріс жас ерекшеліктері бойынша өтеді:
17 жасқа дейін, 18–29, 30–39, 40–49, 50–59, 60–69 және 70 жастан жоғары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталады.

Рахымгазы Нұрғалиевич — бірнеше мәрте Қазақ ССР чемпионы, халықаралық жарыстардың қатысушысы, 43 жыл өмірін спортқа арнаған, Қазақстан мен әлем чемпиондарын дайындаған жаттықтырушы. Ол 40 жылдан астам уақыт «Восток» спорт клубында бапкер болып жұмыс істеген.

Еске алу үшін жүгіреміз.
Алғыс айту үшін жүгіреміз.

Алдын ала тіркелу үшін байланыс нөмірі: +7 777 994 1223
Қатысушының аты-жөні мен жасын көрсетіңіз.

Ұйымдастырушы: Өскемен қаласының «Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» ММ

Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfQQUilDdPH0EB-0VrnEzk-9TOfFEVWPe4vVl51S4iPCffBKQ/viewform

Фотосуреттер