
Қыздар арасындағы көпсайыс бағдарламасына бес дисциплина кіреді: 60 метрге кедергілермен жүгіру, биіктікке және ұзындыққа секіру, 800 метрге жүгіру және ядро лақтыру. Әр дисциплинадағы қорытынды нәтиже үшін спортшыларға белгілі бір ұпай саны берілді. Нәтижесінде барлық дисциплиналар бойынша ең көп ұпай жинаған атлет облыс чемпионы болып жарияланды.
Қыздар арасындағы екі жоғары жас санатында ешқандай тартыс болған жоқ. Семейлік Ульяна Васильева мен Ақнұр Әбжановаға лайықты қарсылас табылмады. Олар өз жас санаттарында жалғыз қатысушы болып, ешқандай күрессіз чемпион атанды. Есесіне, кіші жас санатында нағыз тартыс болды, онда өскемендік спортшылар Елизавета Матвеева, Кристина Харитонова және Дарья Демченко нағыз шоу көрсетті. Олардың барлығы біріншіден үшінші орынға дейін дәл осы ретпен иеленді, бірақ бұл жарыс әрқайсысына оңай соққан жоқ. Матвеева алғашқы дисциплина – 60 метрге кедергілермен жүгіруден кейін Демченко көш бастап тұрғанына қарамастан, үш түрден кейін-ақ өзінің әмбебаптығын көрсетіп, бірінші орынға ие болатынына сенімді болды. Ал күміс медаль үшін талас соңғы түр – 800 метрге жүгіруге дейін жалғасты. Жүгіру алдында Кристина Харитоновада небәрі 12 ұпайлық басымдық болды, сондықтан осы қашықтықта кім жеңсе, сол спортшы вице-чемпион атанатын еді. Харитонова мәреге небәрі бір секундтан астам уақыт ерте келіп, екінші орнын сақтап қалды.
Ұлдар арасында жоғарыда аталған дисциплиналардан бөлек, жарыс бағдарламасына сырықпен секіру және 60 метрге жүгіру енді. Өкінішке орай, мұнда мұндай шиеленісті күрес болған жоқ. Біріншіден үшінші орынға дейінгі қатысушылардың ұпай айырмашылығы едәуір үлкен болды. Ерлер арасында 3632 ұпай жинаған өскемендік Тимур Жолдотаевқа тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші орындарды үлкен алшақтықпен семейліктер Александр Ефаркин мен Роман Новиков иеленді.
1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында семейлік Василий Борисевич (3522 ұпай) ең мықты атанды. Өскемендік Рамиз Картаев пен Георгий Ермолов тиісінше екінші және үшінші орындарға жайғасты. Мұнда да қыздар арасындағыдай жанкешті тартыс болған жоқ.
Сонымен қатар, 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында өскемендік Владислав Бахтин, Александр Ибрагимов және Роман Григорьев ең әмбебап спортшылар атанып, тұғырдың барлық сатысын иеленді. Жеңімпаздың нәтижесі – 3158 ұпай.
Дереккөз: yk.kz
Фото: vksport.kz
