
КММ «ШҚО МБЖОРМ» командасы 2025 жылғы 19–22 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтетін U16 және U23 жас санаттары бойынша жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатына аттанды.
U16 санатында 2010–2011 жылы туған спортшылар, ал U23 санатында 2003–2005 жылы туған спортшылар жарысқа қатысады.
Спортшыларымызға сәтті старт, жоғары нәтижелер, жеке рекордтар және жарқын жеңістер тілейміз!
