2000-2001 ж.т. және 2002 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Зырянов ауданының ашық турнирі

2015 жылдың 20-21 тамызы аралығында Спорт күніне арналған 2000-2001 ж.т. және 2002 ж.т. және одан кіші кіші жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Зырянов ауданының ашық турнирі өтті.

«Күмістен» бір сантиметр қашықтықта

Әлемдік біріншіліктің финалына 10 елден 12 спортшы қатысты. Рыпакованың өнерін «американдық төбешіктерге» теңеуге болады. Жарыс хаттамасында оның орны бір талпыныстан екіншісіне дейін күрт өзгеріп отырды. Бірақ мінез, жеңіске деген жігер мен өзіне деген сенім біздің примамызға Қытай астанасынан мойнына медаль тағып қайтуға мүмкіндік берді. Алғашқы талпыныста әлемдік маусымның көптеген көшбасшылары тек символикалық нәтижелер көрсетті. Мәселен, осы маусымда 15 метрден асатын нәтижесі бар ресейлік Конева небәрі 14,01 метрді көрсетсе, колумбиялық Ибаргуэн тіпті 14,5 метрлік белгіге жете алмады. Рыпакова да бұдан тыс қалмады: 14,23 метрді көрсетіп, аралық үшінші орынға жайғасты. Күтпеген жерден Болгариядан келген Габриэла Петрова 14,52 метрлік көрсеткішпен көш бастады. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, бұл әлі шегі емес еді. Келесі екі талпыныста нағыз тартысты оқиғалар басталды. Ханна Князева-Миненко 14,78 метрге «ұшып», Израиль рекордын орнатты, ал Ибаргуэн 14,8 метр нәтижесімен сектордың қожайыны кім екенін көрсетті, бұл оған алтын медальды қамтамасыз етті. Рыпакова болса қатарынан екі рет сызықты басып (заступ), рейтингте жетінші орынмен соңғы үш секіруге әрең ілікті. Бұл сәтте тіпті ямайкалық Кимберли Уильямс пен германиялық Кристин Гирих біздің спортшыны басып озды. Нәтиже үшін шынымен де қорқынышты болды. Бірақ үш секіруден кейін Ольганың басында біреу газ педальын басқандай болды. Келесі секіруде-ақ ол 14,59 метрді көрсетті! Рыпакова маусымда алғаш рет психологиялық тұрғыдан маңызды 14,5 метрлік межені бағындырды. Одан әрі, бесінші секірудегі қателікке қарамастан, бәрі жақсара түсті. Дегенмен, қауіп сейілмеді, өйткені Петрова сенсация жасауды көздеп, бесінші талпынысында 14,66 метрге «қарғып», медальдан үміткер болды! Болгариялық спортшы өз мансабында ешқашан мұндай алысқа секірмеген еді. Ольга Рыпакова дәл осы Петрованың бенефисіне тап болды. Тек мінезге сену ғана қалды. Еркін сезіну мен мықты мінез өз жемісін берді. Ең соңғы секіруде Олимпиада чемпионы өзіне қажетті нәтижені – 14,77 метрді бағындырды! Бұл нәтиже әрі жақсы, өйткені Петрованы басып озып, үшінші орын алуға мүмкіндік берді, әрі өкінішті, өйткені күміс жүлдегер Ханна Князева-Миненконың нәтижесінен небәрі 1 см қысқа болды. Бірақ медальдің аты медаль, бұл – біздің примамызбен мақтанудың және оған тәнті болудың кезекті себебі, өйткені марапатқа жету үшін ол көп нәрсені, бәлкім, тым көп нәрсені жеңуге мәжбүр болды. Дереккөз: vksport.kz

Ашық есік күні

Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 2015 жылдың 29 тамызында «Спорт күні» мен «Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орайластырылған «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты — ҚР Президентінің «Мәңгілік ел» 2050 тапсырмасын орындау, яғни Қазақстан Республикасы халқының 30%-ын спортқа тарту болып табылады. Өскемен қаласында жеңіл атлетиканы танымал ету, балалар мен жасөспірімдерді жеңіл атлетика секцияларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Осыған байланысты барлық дене шынықтыру мұғалімдері мен балаларды белсенді қатысуға шақырамыз.

Ольга Рыпакова Әлем чемпионатының финалына өтті

Бейжіңдегі әлем чемпионатында барлығы әлемнің 201 елінен 2000-нан астам спортшы өнер көрсетеді. 47 марапат жиынтығы сарапқа салынады, ал әрбір дисциплина бойынша үздік сегіздікке енген спортшылар ХААФ (IAAF) ұйымдастырушыларынан ақшалай сыйлық алады. Осылайша, чемпиондардың әрқайсысы 60 000 долларға байи түседі. Ольга Рыпакованың қарсыластары әлемнің әртүрлі елдерінен келген 27 спортшы болды. Үш қарғып секіруде ол біздің отандастарымыздың ішінде жалғыз емес. Олимпиада чемпионына СҚО-дан келген Ирина Эктова серіктес болды. Өкінішке орай, оның финалға өтуі бұйырмады — үш іріктеу талпынысының екеуінде сызықты басып кетті. Жалғыз нәтижелі секіруі де көңіл көншітпеді — 13,61 м, бұл жақында ғана 14 метрден асыра секіріп жүрген Эктоваға мүлдем ұқсамайды. Рыпаковада болса бәрі жақсы. Секторда ұзақ бөгелуге тура келмеді — алғашқы талпынысында-ақ 14,33 метрге секіріп, Әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Айтпақшы, өскемендік жеңіл атлет іріктеуде төртінші нәтиже көрсетті. Одан жоғары нәтижені тек Әлем чемпионы украиналық Ольга Саладуха, осы біріншіліктің басты фавориті колумбиялық Катерин Ибаргуэн және сенсация деуге болатын 14,44 метрге секірген болгариялық спортшы Габриела Петрова көрсетті! Жоғарыда аталған төрттіктен бөлек, финалға Ханна Князева-Миненко (Израиль), Кимберли Уильямс пен Шаника Томас (екеуі де — Ямайка), Екатерина Конева (Ресей), Жанин Ассани Иссуф (Франция), Кристин Гирих (Германия) және Йосури Уррита (Колумбия) өтті. Үш қарғып секіру бойынша жарыстың финалы 24 тамызда сағат 17:30-да өтеді. Дереккөз: vksport.kz

«Балақай» жазғы лагеріндегі оқу-жаттығу жиыны

5-16 тамыз аралығында жеңіл атлетикадан ШҚО БЖСМОР спортшылары мен жаттықтырушылары “Көгілдір шығанақ” демалыс базасындағы “Балақай” жазғы лагерінде оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар саны 112 адамды құрады. Жазғы лагерь бағдарламасына жаттығулардан бөлек түрлі іс-шаралар енгізілді: жорықтар, ойындар, шомылу, дискотека. Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты жазғы кезеңде спортшылардың жалпы дене дайындығы деңгейін арттыру және оларды қалпына келтіру болды.

Қазақстан Республикасындағы Спорт күніне арналған ардагерлер спартакиадасы

Қазақстан Республикасындағы Спорт күніне арналған ардагерлер спартакиадасы 16 тамызда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасындағы Спорт күніне арналған ардагерлер спартакиадасы өтті. Жеңіл атлетика, армрестлинг, жүзу, шахмат, шашка бойынша өткен жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 60-тан астам спортшы қатысты. Источник: vksport.kz

Лондон Рыпакова үшін жаралған!

Әділдік үшін айта кетейік, бұл жолғы бәсекелестік деңгейі таңқаларлықтай төмен болды. Әлемдік маусымның көшбасшылары украиналық Ольга Саладуха, колумбиялық Катерин Ибаргуэн және ресейлік Екатерина Конева бұл стартқа қатысқан жоқ, сірә, Бейжіңдегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алдында күш жинап жатқан болса керек, оған дейін бір айдан аз уақыт қалды. Бірінші деңгейлі жұлдыздар болмаған соң, Рыпаковаға аса танымал емес спортшылармен күресуге тура келді. Егер ямайкалық Кимберли Уильямс пен словакиялық Дана Велдакованың есімдері жеңіл атлетиканың ең қырағы жанкүйерлеріне азды-көпті таныс болса, литвалық Довиле Джиндзалетайте туралы тіпті біздің тілшіміз де бірінші рет естіп отыр. Тиісінше, нәтижелер де төмен болды. Біздің примамыздың ең үздік секіруі 14,33 метрді көрсетті – бұл да аса жоғары нәтиже емес. Уильямс болса ұшу сызығына 18 см жақын секіріп, екінші орынды иеленді, ал үшінші орынды мұндай деңгей үшін күлкілі 13,66 метрге секірген Велдакова иеленді. Дереккөз: vksport.kz

Спорттық жүруден, марафоннан және жартылай марафоннан ҚР чемпионатының қорытындысы

Спорттық жүруден, марафоннан және жартылай марафоннан ҚР чемпионатының қорытындысы 4 және 5 шілде 2015 жылы Өскеменде алғаш рет спорттық жүруден, марафоннан және жартылай марафоннан ҚР чемпионаты өтті. Бірінші күні әйелдер арасында 3, 5, 10, 20 шақырымға, ерлер арасында 5, 10, 20, 50 шақырымға спорттық жүруден медальдар сарапқа салынды. Екінші күні марафон және жартылай марафон өтті. Чемпионатқа алты облыстың өкілдері қатысты: Оңтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы. Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды 6355 ұпаймен Алматы қаласының командасы иеленді, оның қоржынында 8 медаль бар: 4 алтын, 3 күміс, 1 қола. Екінші орында 6201 ұпаймен ШҚО командасы, 7 медаль: 5 — алтын, 2 — күміс. Үшінші орынды 2552 ұпаймен ОҚО құрамасы иеленді, 4 медаль: 1 алтын, 2 күміс, 1 қола. Қалған командаларда бір-бір медальдан. Көбірек фотосуреттер «Медиа» бөлімінде