ШҚО жеңіл атлетикадан БЖСМ ашық чемпионаты Өскеменде басталды

27 қараша күні «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында «ШҚО жеңіл атлетикадан ОРМБЖСМ» КММ-нің Ашық чемпионаты басталды. Жарысты ұйымдастырушы – «ШҚО жеңіл атлетикадан БЖСМ» КММ, ШҚО ДШжСБ қолдауымен өткізіледі. Чемпионатқа төрт жас санаты бойынша спортшылар қатысуда: ересектер (2007 ж. т. және одан жоғары), жасөспірімдер мен жасөспірім қыздар (2008–2009 ж. т.), жоғары жас тобындағы ұлдар мен қыздар (2010–2011 ж. т.), сондай-ақ кіші жас тобындағы ұлдар мен қыздар (2012–2013 ж. т.). Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен «ШҚО жеңіл атлетикадан БЖСМ» КММ директоры Болатбек Айшабекұлы Даумов чемпионатқа қатысушыларға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеке рекордтар орнатуға және әділ бәсекеде бақ сынауға тілектестік білдірді. Чемпионаттың алғашқы күнінде спортшылар ұзындыққа және биіктікке секіру, ядро лақтыру, сондай-ақ 60, 400 және 1500 метр қашықтықтарға жүгіру бойынша сынға түсті. 28 қараша күні чемпионат жалғасады. Екінші жарыс күнінде ерлер биіктікке секіруден, үш қарғып секіруден, сондай-ақ 200 және 800 метрге жүгіруден бақ сынайды. Қыздар 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өнер көрсетеді. Қорытынды нәтижелер кейінірек жарияланады. Марапаттау рәсімінен фотосуреттерді «Медиа» бөлімінен көре аласыз.
